О внесении изменений в постановление акимата Целиноградского района от 24 апреля 2012 года № А-3/152 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности Целиноградского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Целиноградского района от 24 апреля 2012 года № А-3/152 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности Целиноградского района"
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/152 "Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-2/55
- Қабылданған күні
- 03.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2015 78394_60784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BQ004046
- ЭКБ идентификаторы
- 78394
- Редакция идентификаторы
- 78394_60784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:36
0 Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/152 "Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Целиноград ауданы әкімдігінің «Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/152 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 мамырда № 1-17-174 тіркелген, «Призыв» 2012 жылғы 8 маусымдағы № 23 газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы»;
қаулының 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
осы қаулының қосымшасының атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесі».