Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 июля 2012 года № 344 «Об утверждении Правил организации работы по подготовке, экспертизе, апробации и проведению мониторинга, изданию учебников, учебно-методических комплексов и учебно-методических пособий»

Бұйрық · № 211 · қабылданған 19.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2012-no-344-ekb-142988/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 июля 2012 года № 344 «Об утверждении Правил организации работы по подготовке, экспертизе, апробации и проведению мониторинга, изданию учебников, учебно-методических комплексов и учебно-методических пособий» Қолданыста Бұйрық ·№ 211 ·19.05.2020
19.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 июля 2012 года № 344 «Об утверждении Правил организации работы по подготовке, экспертизе, апробации и проведению мониторинга, изданию учебников, учебно-методических комплексов и учебно-методических пособий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 211 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 июля 2012 года № 344 «Об утверждении Правил организации работы по подготовке, экспертизе, апробации и проведению мониторинга, изданию учебников, учебно-методических комплексов и учебно-методических пособий»
Атауы (қаз.)
«Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
211
Қабылданған күні
19.05.2020
Көрсетілген редакция
19.05.2020 142988_464499.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020675
ЭКБ идентификаторы
142988
Редакция идентификаторы
142988_464499
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:27

0 «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк

құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және
мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк

құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және
мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 тіркелген, 2012 жылғы 19 қыркүйектегі «Егемен Қазақстан» газетінде № 316-317 (27135-27136) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетіі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 19 мамыры № 211
Бұйрыққа 1-қосымша
Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер (бұдан әрі – ОӘК) мен оқу-әдiстемелiк құралдарды (бұдан әрі – ОӘҚ) әзiрлеу, сараптау, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу және басып шығару тәртібін және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру тәртібін айқындайтын «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 27) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) автор – шығармашылық еңбегімен оқулық, ОӘК және ОӘҚ жасаған жеке тұлға;

2 2) авторлық ұжым – серіктес авторлар ретінде жұмыс істейтін адамдар тобы;

3 3) әзірлеуші – шығармашылық еңбегімен оқулық, ОӘК және ОӘҚ жасаған заңды тұлға;

4 4) баспа – оқулық, ОӘК және ОӘҚ әзірлеуді және басып шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорын;

5 5) бірыңғай базалық оқулық – бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда міндетті түрде пайдаланылатын оқулық;

6

6) ғылыми және педагогикалық сараптама – оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ мазмұнының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖБС) талаптарына және үлгілік оқу бағдарламаларына, заманауи әдіснамалық, дидактикалық және әдістемелік талаптарға сәйкестігін бағалау;

7 7) Ғылыми кеңес – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) алқалы басқару органы;

8 8) оқулық – оқу пәнін жүйелі түрде баяндайтын, тиісті ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін оқу басылымының түрі (қағаз немесе электронды);

9 9) оқулықтың электронды нұсқасы – оқулықтың баспа нұсқасымен бірдей пайдаланылатын, құрылымы, мазмұны және көркемдік безендірілуі бойынша оқулықтың баспа нұсқасымен сәйкес келетін электронды басылым;

10 10) оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны сынақтан өткізу – білім беру ұйымдарының оқу процесінде алғаш әзірленген оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ пайдалану практикасын кешенді зерделеу;

11

11) оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі әдебиеттердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) – «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылатын оқу әдебиеттерінің тізбесі;

12 12) оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ сапасына мониторинг жүргізу – Тізбеге енген және білім беру ұйымдарында пайдаланылатын оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ құрылымының, мазмұнының сапасын талдау, бағалау, оның нәтижелері бойынша өңдеу, қайта басып шығару немесе Тізбеден алып тастау жөнінде шешім қабылданады;

13 13) оқулықтың түпнұсқа-макеті – сыртқы элементтері мен құрылымы бойынша аяқталған, әрбір беті ғылыми және педагогикалық сараптамаға ұсынылатын болашақ басылымның тиісті беттерімен толық сәйкес келетін оқулықтың түпнұсқасы;

14

14) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – оқулықпен бірге жүретін және білім алушылардың оқу пәндерінің мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықты, хрестоматияны, 1 және 2-сыныптарға арналған жұмыс дәптерлерін, диктанттар жинағын, міндеттер мен жаттығулар жинағын, карта-атласты, оның ішінде электрнонды тасымалдағышта қамтитын оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;

15 15) оқу-әдістемелік құрал (ОӘҚ) – оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын оқу құралын, әдістемелік құралды, дидактикалық материалдарды, сөздіктерді қамтитын оқу басылымының, қосымша әдебиеттің түрі;

16 16) пән бойынша жауапты сарапшы – тиісті біліктілігі бар, оқыту курстары мен сертификаттаудан өткен, оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ ғылыми және педагогикалық сараптамасын ұйымдастыруға, өткізуге және сапасына жауапты көрсетілетін қызметті беруші қызметкері;

17 17) пәндік сараптау комиссиясы – көрсетілетін қызметті беруші базасында құрылатын, ғылыми және педагогикалық сараптама, сынақ қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыларды қарайтын жұмыс комиссиясы;

18 18) сараптаманың электрондық платформасы – ақпаратқа бірнеше қолжетімділікті қамтамасыз ету және құпиялылықты сақтау арқылы ғылыми және педагогикалық сараптама процесін автоматтандыруға, сарапшылар базасын қалыптастыруға және оларды іріктеуге арналған ақпараттық жүйе;

19

19) сарапшылардың электронды базасы – білім беруді басқару органдарының, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың (меншік нысанына, ұйымның типіне және түріне қарамастан) ұсынымдары бойынша қалыптастырылатын, оқыту курстарынан өткен, ғылыми және педагогикалық сараптамаға тарту үшін сертификаты бар ғалымдардың, педагогтердің деректер базасы;

20 20) сынақты өткізуші мұғалім – оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ-ға сынақ өткізуші пилоттық мектептің мұғалімі;

21 21) сыртқы сарапшы – оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ-ға ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізуге тартылатын, тиісті біліктілігі және кемінде он жыл жұмыс өтілі бар, оқу курсынан және сертификаттаудан өткен жеке тұлға;

22 22) тақырыптық жоспар (бұдан әрі – Тақырыптық жоспар) – республикалық бюджет қаражаты есебінен ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізуге жататын мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтар мен ОӘК тізімі;

23 23) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

24 24) цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі – ЦБР) оқу процесінде қажетті және цирфлық форматта ұсынылған бейне-аудиоматериалдар, виртуалды шынайылық және интерактивті модельдеу объектілері;

25 25) электрондық оқу басылымы – оқу ақпаратының электрондық жеткізгіштердегі цифрлық жазбасы болып табылатын немесе цифрлық білім беру платформаларында орналастырылған басылым;

26

26) электрондық оқулық – үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және білім алушыға өз бетінше немесе педагогтің көмегімен интерактивті режимде оқу курсын немесе оның бөлімін меңгеруге, тапсырмаларды орындауға және өзінің оқу жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін бағдарламалық-әдістемелік оқыту кешені.

2 2-тарау. Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзірлеу тәртібі

3 3. Оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерін әзірлеуге уәкілетті орган бекіткен Тақырыптық жоспар негіз болып табылады.

4 4. Оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны әзірлеудің нормативтік негізі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген МЖМБС және білім беру деңгейлері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары болып табылады.

5 5. Оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны әзірлеу кезінде баспа, әзірлеуші оқу әдебиетінің мазмұнын құраудағы заманауи әдіснамалық, дидактикалық, әдістемелік, эргономикалық тәсілдемелерді басшылыққа алады.

6 6. Баспа, әзірлеуші пән (мамандық ) бойынша кәсіби білімі, біліктілігі мен білім беру ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар, оқулықтарды әзірлеу мәселелері бойынша оқыту курстарынан өткен тұлғалардан авторлық ұжым қалыптастырады.

7 7. Оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны әзірлеуді автор, авторлық ұжым өз бетінше немесе баспа ұйымдастырады. Авторлық ұжым бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқулықтары үшін ғалымдар, әдіскерлер және мұғалімдер қатарынан қалыптастырылады.

8 8. Баспа, әзірлеуші оқулыққа құрамына мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық және типтік оқу бағдарламасына сәйкес хрестоматия, 1,2-сыныптарға арналған жұмыс дәптері, диктанттар жинағы, есептер мен жаттығулар жинағы, картаграфиялық атлас кіретін ОӘК әзірлеуді қамтамасыз етеді.

9 9. Баспа, әзірлеуші қосымша әдебиет ретінде типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын оқу құралы, әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздіктер кіретін ОӘК әзірлеуді жүзеге асырады.

10

10. Баспа, әзірлеуші оқулық, ОӘК және ОӘҚ мазмұны мен рәсімделуінің сапасын білім беру деңгейлері бойынша МЖМБС-ға, үлгілік оқу бағдарламаларына, Талаптарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12089 болып тіркелген) бекітілген Оқулық басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес қамтамасыз етеді.

11 11. Баспа, әзірлеуші оқулық пен ОӘК-нің МЖМБС-ның, үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына, емле ережелері талаптары мен нормаларына сәйкестігіне баспаішілік сараптама жүргізеді және баспа басшысы қол қойған баспаішілік сараптама қорытындысын көрсетілетін қызметті беруші жібереді.

12

12. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ-ның мазмұнын, оның ішінде электронды тасымалдағыштағыларының мазмұнын авторлық ұжым әрбір 5 (бес) жыл сайын, оның ішінде арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір 6 (алты) жыл сайын үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ-ның сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелерін ескере отырып пысықтайды.

3 3-тарау. Оқулықтарға, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

13 13. Оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ-ға ғылыми және педагогикалық сараптаманы көрсетілетін қызметті беруші сыртқы сарапшыларды тарта отырып және құпиялылық режимін сақтай отырып, сынаққа дейін және сынақтан кейін сараптаманың электрондық платформасы базасында ұйымдастырып өткізеді.

14

14. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.

15

15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

16

16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

17 17. Мемлекеттік корпорациясының қызметкері құжаттар топтамасымен қалыптастырылған өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы немесе пошта байланысы арқылы жібереді.

18 18. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді Мемлекеттік корпорациядан құжаттар келіп түскен күні жүзеге асырады.

19 19. Көрсетілетін қызметті беруші оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ-ға ғылыми және педагогикалық сараптаманы осы Қағиданың 3-тарауында айқындалған тәртіппен күнтізбелік 47 (қырық жеті) күн ішінде ұйымдастырады және өткізеді.

20 20. Баспа, әзірлеуші көрсетілетін қызметті берушіге 31 қазанға дейін оқулықтарды Тақырыптық жоспарға енгізу туралы өтінім береді.

21 21. Көрсетілетін қызметті беруші Тақырыптық жоспарға жаңадан әзірленген оқулықтарды және МЖМБС-ға, оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес қайта басылған оқулықтарды енгізеді.

22 22. Келесі қаржы жылына арналған Тақырыптық жоспарды уәкілетті орган көрсетілетін қызметті беруші ұсынысы бойынша ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде бекітеді. Тақырыптық жоспар бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші сайтына орналастырылады.

23 23. Уәкілетті органның шешімі бойынша Тақырыптық жоспарға республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

24

24. Тақырыптық жоспарға енгізілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтар мен ОӘК-ге және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған ОӘК-ге, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілеріне ғылыми және педагогикалық сараптама республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

25 25. ОӘК-ге, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілеріне және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлеріне арналған оқу әдебиетіне ғылыми және педагогикалық сараптама әзірлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

26 26. Оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны сараптауға қабылдау оларды енгізгенге дейін кемінде 1,5 жыл бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін жыл сайын

1 қаңтар мен 31 мамыр аралығындағы кезеңде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері үшін 1 қаңтар мен 31 қазан аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.

27

27. Көрсетілетін қызметті беруші оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ-ға ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізу өлшемшарттарын (бұдан әрі – сараптама өлшемшарттары) әзірлейді және Ғылыми кеңесте бекітеді. Сараптама өлшемшарттары сараптаманың электрондық платформасында орналастырылады және оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ сапасын бағалаудың негізгі құралы болып табылады.

28 28. Ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізу үшін көрсетілетін қызметті беруші оқу басылымына сәйкестендіру кодын береді және оны баспа мен авторлық ұжымды көрсетпей сараптаманың электрондық платформасы арқылы сыртқы сарапшыларға жібереді.

29 29. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі оқу басылымы Мемлекеттік корпорацияға түскен күннен бастап күнтізбелік 50 (елу) күн ішінде жүргізіледі.

30 30. Ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізу үшін көрсетілетін қызметті беруші жергілікті атқарушы органдардың, білім басқармаларының, жоғары оқу орындарының және ғылыми орталықтардың ұсынымдары негізінде пәндер және оқыту тілі бойынша сарапшылар базасын жасақтайды.

Сарапшылар базасы мынадай талаптар бойынша жасақталады:
Ғалымдар, ЖОО оқытушылары:

1 1) ғылыми дәрежесінің болуы;

2 2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми монографиялардың авторы;

3 3) 10 жылдан кем емес педагогикалық және/немесе ғылыми еңбек өтілі;

4 4) ғылыми-әдістемелік жұмыстарға пікір беру тәжірибесі;

5 5) мамандық бейінінің сәйкес келуі;

6 6) оқытатын пәнінің сәйкес келуі;

7 7) «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық конкурсының жеңімпаздары;

8

8) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері», «Өнер» және «Дене шынықтыру» білім беру салалары пәндері бойынша «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтарының иегерлері.
Білім беру ұйымының педагогтері:

1 1) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

2 2) 10 жылдан кем емес педагогикалық еңбек өтілі;

3 3) «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (немесе жоғары санат) біліктілік санаты;

4 4) ғылыми-әдістемелік жарияланымдарының болуы;

5 5) өз пәні бойынша аудандық, облыстық (қалалық), республикалық деңгейлердегі олимпиадаларда, конкурстарда, көрмелерде жетістіктері туралы сертификаттарының болуы;

6 6) «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары.

31 31. Сарапшылар базасына мыналар енгізілмейді:

1 1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың авторлары;

2 2) оқулық авторларымен ортақ жарияланымдары бар тұлға;

3 3) оқу басылымының авторларымен бір білім беру ұйымында жұмыс істейтін тұлға;

4 4) оқу басылымының авторына немесе авторларының біріне ғылыми жетекшілік етуші тұлға;

5 5) оқу басылымының авторымен немесе авторларының бірімен бір ғылыми жобаның жетекшісі немесе орындаушысы болып табылатын тұлға.

32

32. Көрсетілетін қызметті беруші сарапшылар базасына енген сарапшылар үшін уәкілетті органмен келісілген, білім беру мазмұнын әзірлеудің тұжырымдамалық, нормативтік негіздерін, оқу әдебиетіне ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізудің әдістемесі мен өлшемшарттарын қамтитын бағдарлама бойынша оқыту курстарын ұйымдастырады және өткізеді.

33 33. Сарапшыларды базадан іріктеп алу оқыту курсынан өткен және қорытынды бақылау нәтижелері бойынша сертификат алғандар қатарынан сараптаманың электрондық платформасында Randomize сандар генераторын пайдалану арқылы жүргізіледі.

34 34. Көрсетілетін қызметті беруші сараптамының электрондық платформасы арқылы ғылыми және педагогикалық сараптама бойынша сарапшы жұмысының сапасына мониторинг жүргізеді. Келісімшарттағы міндеттемелерді сапасыз орындаған жағдайда сарапшы Сарапшылар базасынан шығарылады.

35 35. Көрсетілетін қызметті беруші сарапшылар базасын жыл сайын жүргізілген мониторинг нәтижелерін және білім басқармаларының ұсынымдарын ескере отырып жаңартады және бекітеді.

36 36. Аударма оқу басылымдарына сараптама жүргізу үшін қосымша аудармашы тартылады.

37 37. Оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ-ға сараптама жүргізуді ұйымдастыру және сапасын қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлері қатарынан әрбір оқу пәні бойынша жауапты сарапшы тағайындалады.

38 38. Ғылыми және педагогикалық сараптама көрсетілетін қызметті беруші мен сыртқы сарапшы арасында жасалған шарт негізінде қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.

39 39. Ғылыми және педагогикалық сараптаманы оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ сапасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес сараптаманың электрондық платформасы арқылы сыртқы сарапшы жүргізеді.

40 40. Білім беру ұйымы осы ұйымда жұмыс істейтін сарапшыға ғылыми және педагогикалық сараптама бойынша жұмысты орындауы үшін қолдау көрсетеді.

41 41. Сараптама нәтижелері бойынша сыртқы сарапшы сараптамалық шешім шығарады. Сараптамалық шешім нысанын көрсетілетін қызметті берушінің Ғылыми кеңесі бекітеді.

42

42. Пән бойынша жауапты сарапшы сараптамаға келіп түскен оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ сапасына өзіндік бағалау жүргізеді, сыртқы сарапшылардың сараптамалық шешімдерін, сарапшылардың ескертулері бойынша авторлардың негіздемесін қарайды, оқулықтардың сапасын бағалаудың объективтілігін бағалайды және мынадай сараптамалық қорытындылардың бірін шығарады:

1 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілері үшін:

оң сараптамалық шешім алған жағдайда – «пәндік сараптамалық комиссияның қарауына жіберіледі», ал сынақтан өткізуге жіберілетін оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ үшін – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылады»;
сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда, оның ішінде сынақтан өткізуге жіберілетін оқу басылымдары үшін де – «өңдеуді қажет етеді»;
теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды», сондай-ақ сынақ өткізуге жіберілетін оқу басылымдары үшін – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылмайды»;

2 2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтар мен ОӘҚ, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілері үшін – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады»;

сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – «өңдеуді қажет етеді»;
теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды».

43

43. Сараптамалық шешімнің заңдылығына күмән тудыратын фактілер немесе даулы жағдайлар анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құрамына пән бойынша жауапты сарапшы, пәндік сараптамалық комиссия мүшелері, ғалымдар мен мұғалімдер кіретін сараптама нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияны тағайындайды.
Комиссия шешімінің негізінде сараптамалық шешімді қабылдау/қабылдамау туралы сараптамалық қорытынды шығарылады.

44

44. Оқулықтарға, ОӘК және ОӘҚ ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған оқу басылымдарының авторлары мен авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды немесе Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

45 45. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін мемлекеттік корпорацияға жеткізуді мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін кемінде бір тәуліктен кешіктірмей жүзеге асырады.

46 46. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

47 47. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның

5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

48 48. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің болмауына байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай мерзім ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы берілген мерзім өткеннен кейін талапетілмеген құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.

49 49. «Өңдеуді қажет етеді» деген сараптамалық қорытынды алған оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ авторы (авторлық ұжым) немесе әзірлеуші оларды сараптамалық қорытынды алған күннен бастап күнтізбелік алпыс (60) күн ішінде өңдейді және қайта сараптама жүргізу үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

50

50. Сараптама нәтижелері бойынша өңделген және «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылады» немесе «пәндік сараптамалық комиссия қарауына жіберіледі» деген сараптамалық қорытынды алған оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ тиісінше сынақтан өткізуге немесе пәндік сараптамалық комиссияның қарауына ұсынылады.

51 51. Қайта «Өңдеуді қажет етеді» деген қорытынды алған немесе білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмаған оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде сараптамаға қабылданбайды.

52

52. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың сапасына қоғамдық бағалау жүргізу үшін олардың электрондық нұсқаларына сараптама жүргізу кезінде баспасы мен авторлық ұжымы көрсетілмей, «Жоба» деген белгімен сараптаманың электрондық платформасына орналастырылады.
Келіп түскен ескертпелер баспаларға, әзірлеушілерге оқулықтың бөлімдері бойынша жіберіледі.

53 53. Көрсетілетін қызметті беруші қоғамдық бағалау порталына түскен ескертулер мен ұсыныстарға мониторинг жүргізеді және сараптамалық қорытынды берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей оқулықты әзірлеушіге оларды жою үшін жібереді.

54 54. Баспа, әзірлеуші қоғамдық бағалау нәтижелерін алған күннен бастап 50 (елу) күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші қоғамдық бағалау нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы есеп береді.

«Білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды» деген сараптамалық қорытынды берілген жағдайда оқулықты қоғамдық бағалау нәтижелері әзірлеушіге берілмейді.

55 55. Сараптамаға ұсынылған оқу басылымы әзірлеушіге қайтарылмайды.

56 56. Тізбені қалыптастыру және бекіту жөнінде хаттамалық шешім шығару үшін көрсетілетін қызметті беруші пәндер мен оқыту тілдері бойынша Пәндік сараптамалық комиссия құрады және бекітеді.

57 57. Пәндік сараптамалық комиссияның құрамына сарапшылар базасына енген және оқыту курстарының қорытындысы бойынша қорытынды бақылаудан сәтті өткен және тиісті сертификат алған ғалымдар мен педагогтер кіреді:

1 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейіне арналған оқу басылымдарына сараптама жүргізу үшін ғалымдар, әдіскерлер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жоғары санатты тәрбиешілері;

2

2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқу басылымдарына сараптама жүргізу үшін бейіні бойынша ғалымдар, орта білім беру ұйымдарының жоғары біліктілік санаты, «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтері, «ЖОО үздік оқытушысы» және «Үздік педагог» республикалық конкурстарының жеңімпаздары кіреді.

58 58. Пәндік сараптамалық комиссия мүшелерінің жұмысы Көрсетілетін қызметті беруші мен Пәндік сараптамалық комиссия мүшелерінің арасында жасалған шарт негізінде қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.

59

59. Пәндік сараптамалық комиссияның мүшелері отырыстар басталғанға дейін 15 (он бес) күн бұрын баспа мен авторлық ұжымды көрсетпестен сәйкестендіру кодын бере отырып, комиссиялардың қарауына енгізілетін оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ-нің электрондық, қажет болған жағдайда, қағаз нұсқаларына қол жеткізе алады.

60 60. Пәндік сараптамалық комиссия:

1 1) ғылыми және педагогикалық сараптама және сынақ нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыларды зерделейді және талдайды;

2 2) оң қорытынды алған оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ сапасын талдайды;

3 3) сараптамалық қорытындыларды және оқу басылымдарының құнын, оның ішінде балама оқулықтардың орташа құнынан жоғары емес базалық оқулықтардың құнын ескере отырып, оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны, оның ішінде бірыңғай базалық оқулықтарды іріктеуді жүзеге асырады;

4 4) оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерін Тізбеге енгізу туралы мынадай хаттамалық шешімдердің бірін қабылдайды:

«Тізбеге енгізуге ұсынылады»;
«Тізбеге енгізуге ұсынылмайды»;
«бірыңғай базалық оқулық ретінде Тізбеге енгізуге ұсынылады»;
«қосымша пайдалануға арналған оқулық ретінде Тізбеге енгізуге ұсынылады»;

5 5) Тізбеге енгізу үшін ұсынылған оқу әдебиетінің тізімін уәкілетті органның қарауына және бекітуіне енгізеді;

6 6) білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп енгізеді.

61 61. Пәндік сараптамалық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Отырыс оған Пәндік сараптамалық комиссия мүшелерінің жартысынан көп бөлігі қатысқанда заңды болып табылады.

62 62. Тізбеге енгізу үшін негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің бір оқу пәні бойынша бірыңғай базалық оқулықтар және бестен көп емес балама оқулық, ОӘК мен ОӘҚ ұсынылады.

63 63. Уәкілетті орган бекіткен Тізбе www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

4 4-тарау. Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды сынақтан өткізу тәртібі

64

64. Көрсетілетін қызметті беруші оқулықтың әдістемелік аппаратының тиімділігін, мазмұнының қолжетімділігін, оқу материалын баяндау тілінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін бағалау және оқу процесіне енгізу мүмкіндігін зерделеу мақсатында 1 (бір) оқу жылы ішінде уәкілетті органның бұйрығы негізінде пилоттық мектептер базасында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқулықтарға, ОӘК, ОӘҚ-ға сынақ (әрі қарай – сынақ) ұйымдастырады.

65 65. Сынақтан өткізу сараптаманың электрондық платформасын пайдаланып, апробатор-мұғалімдердің оқулықтардың сапасын бағалауы процесін қадағалай отырып жүзеге асырылады.

66 66. Сынақты ұйымдастыру үшін баспалар көрсетілетін қызметті берушіге оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ ұсынады.

67 67. Уәкілетті орган сынақтан өткізуге жіберетін оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ осы қағидалардың 13-тармағына сәйкес сынақалды сараптамадан өткізіледі.

68 68. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары үшін сынақтан өткізу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Сынақтан өткізуге қатысатын пилоттық мектептерді оқулықтармен, ОӘК және ОӘҚ-мен қамтамасыз ету баспалардың есебінен жүргізіледі.

69 69. Пилоттық мектептердігі сынақ нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі шығарылады:

«сынақтан кейінгі сараптамаға жіберіледі»;
«сынақтан кейінгі сараптамаға жіберілмейді»;
«сынақтан кейінгі сараптамаға өңдеуден соң жіберіледі».

70 70. Әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша сынақты өткізуші мұғалімдердің ескертулері мен ұсыныстары баспаларға, оқу басылымдарын әзірлеушілерге жіберіледі.

5 5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

71

71. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оны алмастырушы тұлғаның атына не Көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымды қабылдаушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні қойылады) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалының, бөлімінің басшысына жолданады.
Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

72 72. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

6 6-тарау. Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдардың сапасына мониторинг жүргізу тәртібі

73

73. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбеге енгізілген оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ-ның сапасын бағалау мақсатында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің сапасына мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) жүргізеді.

74 74. Мониторинг мұғалімдердің оқулықтардың сапасын бағалау процесін қадағалай отырып, Сараптаманың электрондық платформасында жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдары оқулықтардың сапасына мониторинг жүргізуге белсене қатысқан мұғалімдерді ынталандыру шараларын қолданады.

75 75. Мониторинг нәтижелері аналитикалық анықтама түрінде уәкілетті органның қарауына ұсынылады.

76 76. Оқулықтарға мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдары қажет етпеген оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ны өңдеу, қайта басып шығару немесе Тізбеден алып тастау туралы шешім қабылдайды.

7 7-тарау. Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды басып шығару тәртібі

77 77. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін басып шығару Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

78 78. Тізбеге енген оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ әзірлеушінің қаражаты есебінен басылып шығарылады.

79 79. Әзірлеуші көрсетілетін қызметті берушіге Тізбеге енген оқулықтар мен ОӘК-ның үш данасын және оқу басылымының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысының көшірмесін ұсынады.

80 80. Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын оқулықтар мен ОӘК-ның санитариялық-эпидемиологиялық сараптама талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда уәкілетті орган оларды Тізбеден алып тастау туралы шешім қабылдайды.

81

81. Уәкілетті органның «Білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады» деген грифі мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы білім беру деңгейлерінің оқу әдебиеттері үшін келесі басылымға дейін жарамды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерінің оқу әдебиеттері үшін мерзімі шектелмейді.

82

82. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін басып шығару көрсетілетін қызметті берушінің оң сараптамалық шешімі негізінде республикалық бюджеттің, оқу орындарының, автордың, авторлық ұжымның немесе баспаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

83

83. Өңдеу нәтижелерін ескере отырып Тізбеге енгізілген оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ және басқа да қосымша әдебиеттерді, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерін қайта басып шығару бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім үшін әрбір 5 (бес) жыл сайын және арнайы білім үшін әрбір 6 (алты) жыл сайын жүзеге асырылады.

1.1 Өтініш (жеке және заңды тұлғалар үшін)

Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк
кешендер мен оқу-әдiстемелiк
құралдарды әзiрлеу, оларға
сараптама, сынақ өткізу және
мониторинг жүргізу, оларды
басып шығару жөнiндегi
жұмысты ұйымдастыру
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық
ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
директорына
Кімнен__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда))
мекенжайы: телефоны:
Өтініш (жеке және заңды тұлғалар үшін)
________________ баспасы (авторы (авторлар ұжымы), әзірлеуші) әзірлеген _________________аталымдағы «_____________________» оқу әдебиетіне сараптама жасауды және (орта білім беру деңгейінің оқулықтарын) баспа оқулығының PDF форматындағы электрондық нұсқасының жалпы жұртшылыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының http://www.okulyk-edu.kz интернет-ресурсына «Жоба» белгісімен орналастыруды сұраймын.
Білім беру деңгейі __________________________________________________.

Ата­уы
Са­на­ты (оқулық, мұ­ға­лім­ге ар­нал­ған құ­рал, дәп­тер және та­ғы бас­қа)
Әзір­леу фор­ма­сы (қа­ғаз, элек­трон­ды)
Қай­та ба­сы­л­ған (жа­ңа­дан әзір­лен­ген)
Ав­тор­ла­ры
Жас то­бы (сы­нып неме­се ма­ман­дық)
Әзір­леу ті­лі
1
2
3
4
5
6
7
8
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
__________________
(өтініш берушінің қолы)
«___» _________ 20__ жыл.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы, мөр (заңды тұлға үшін) ______________
Өтінішті беру күні "___" ____________ 20__ жыл.
Қабылдады:______________ ______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
«___» ______________ 20__ жыл.

1.2 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк
кешендер мен оқу-әдiстемелiк
құралдарды әзiрлеу, оларға
сараптама, сынақ өткізу және
мониторинг жүргізу, оларды
басып шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі­нің «Оқулық» рес­пуб­ли­ка­лық ғы­лы­ми-прак­ти­ка­лық ор­та­лы­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сі­лі
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру­ді Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция жү­зе­ге асы­ра­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Күн­тіз­бе­лік 50 (елу) күн.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мек­теп­ке дей­ін­гі, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру­дің оқу ба­сы­лым­да­ры бой­ын­ша ав­тор­лар­ға және ав­тор­лар ұжы­мы­на са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды бе­ру
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы (те­гін) көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет бар­лық бі­лім бе­ру дең­гей­ле­ріне ар­нал­ған оқулық­тар­ға, оқу-әді­сте­ме­лік ке­шен­дер мен оқу-әді­сте­ме­лік құ­рал­дар­ға ғы­лы­ми және пе­да­го­ги­ка­лық са­рап­та­ма жүр­гі­зу бой­ын­ша та­қы­рып­тық жос­пар­ға (бұ­дан әрі – та­қы­рып­тық жос­пар) ен­гі­зі­л­ген оқу ба­сы­лым­да­ры­на осы Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес ақы­сыз негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Та­қы­рып­тық жос­пар­ға ен­бе­ген оқу ба­сы­лым­да­ры­на мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­лы көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту құ­нын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші 2015 жы­л­ғы 29 қа­зан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 120-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стр­лі­гі­нің Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу және бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау ко­ми­те­ті­мен ке­лі­се оты­рып бел­гі­лей­ді.
Бар­лық бі­лім бе­ру дең­гей­ле­ріне ар­нал­ған оқулық, оқу-әді­сте­ме­лік ке­шен мен құ­рал, қо­сым­ша әде­би­ет, элек­трон­дық оқулық, элек­трон­дық оқу ба­сы­лы­мы­ның бір бас­па та­ба­ғы­на са­рап­та­ма жүр­гі­зу құ­ны:
1) жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми цикл бой­ын­ша – 15 849 тең­ге;
2) қо­ғам­дық-гу­ма­ни­тар­лық цикл бой­ын­ша - 11 887 тең­ге;
3) мә­де­ни­ет­та­ну цик­лі бой­ын­ша – 9 906 тен­ге.
Бар­лық бі­лім бе­ру дең­гей­ле­ріне ар­нал­ған элек­трон­дық оқулық, элек­трон­дық оқу ба­сы­лым­да­ры­на са­рап­та­ма жүр­гі­зу­дің бір ми­ну­ты­ның құ­ны – 2 678 тен­ге.
Тө­лем екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің есеп­шо­ты­на жі­бе­ру ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1)Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық» ке­зек тү­рін­де көр­се­ті­ле­ді, элек­трон­дық ке­зек­ті «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы брон­да­у­ға бо­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­те­тін орын­дар­дың ме­кен-жай­ла­ры:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­лас­қан.
8
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі (не өзі­нің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат бой­ын­ша заң­ды тұл­ға неме­се но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­рыл ған се­нім­хат бой­ын­ша же­ке тұл­ға тү­рін­де­гі уәкі­лет­ті өкіл)
Ав­тор, ав­тор­лық ұжым, бас­па (әзір­ле­у­ші) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ке­ле­сі ма­те­ри­ал­дар­ды жі­бе­ре­ді:
1) Осы Қа­ғи­да­лар­дың 1 қо­сым­ша­сы­на сәй­кес үл­гі­де­гі оқулық­тар­ға, оқу-әді­сте­ме­лік ке­шен­дер мен оқу-әді­сте­ме­лік құ­рал­дар­ға са­рап­та­ма жүр­гізу­ге өті­ніш.
Өті­ніш­те оқу әде­би­е­ті­нің ти­тул­дық па­ра­ғы­на сәй­кес ав­тор(лар)дың аты-жө­ні мен те­гі, МЖМБС-да­ғы (тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру­дің үл­гі­лік оқу жос­пар­ла­рын­да­ғы) оқу пәні­нің (пән­нің) ата­уы­на сәй­кес ата­уы, сы­ны­бы (кур­сы), ті­лі, шық­қан жы­лы мен ор­ны көр­се­ті­ле­ді. Өті­ніш­те сон­дай-ақ Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы­на жұрт­шы­лық­тың кең ауқы­мы­ның қол жет­кі­зу­ін қам­та­ма­сыз ету үшін оқулық­тың элек­трон­дық нұс­қа­сын («Жо­ба» бел­гі­сі бар PDF фор­мат­та) ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы өті­ніш көр­се­ті­ле­ді.
2) әзір­ле­у­ші (ав­тор, ав­тор­лық ұжым) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: ав­тор­лар­дың бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі (ғы­лы­ми дә­ре­же­сі мен ата­ғы, бі­лік­ті­лік са­нат­та­ры, оқулық­тар­ды әзір­леу са­ла­сы бой­ын­ша оқу кур­ста­ры­нан өт­кен­ді­гі ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тар, бай­ла­ныс де­ректе­рі);
3) оқулық Тіз­бе­ге ен­ген жағ­дай­да, оның элек­трон­дық нұс­қа­сын уәкі­лет­ті ор­ган­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы бас­па­ның, әзір­ле­у­ші­нің жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мі;
4) бас­па бас­шы­сы­ның қо­лы қой­ы­л­ған оқулық­тың МЖМБС та­лап­та­ры­на, үл­гі­лік оқу бағ­дар­ла­ма­сы­на және оқулық­тың құ­ры­лы­мы мен маз­мұ­ны­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін көр­се­те­тін бас­па­і­ші­лік са­рап­та­ма қо­ры­тындысы;
5) бас­па бас­шы­сы­ның қо­лы қой­ы­л­ған оқу ма­те­ри­ал­да­рын және ал­ғаш­қы де­реккөз­дер­ді пай­да­ла­ну ке­зін­де ав­тор­лық және аза­мат­тық бұ­зу­шы­лық­тың бол­мауы ту­ра­лы ке­піл­хат;
6) оқулық­тың (оның ішін­де PDF фор­мат­та­ғы элек­трон­дық нұс­қа­сы), ОӘК мен ОӘҚ-ның үш да­на түп­нұс­қа-ма­ке­ті, бас­па­сы мен ав­тор­ла­рын көр­сет­пей аудар­ма оқу ба­сы­лы­мы­ның түп­нұс­қа­сы, бас­па­сы мен ав­то­ры (ав­тор­ла­ры) көр­се­ті­л­ген оқулық­тың бір түп­нұс­қа-ма­ке­ті (оның ішін­де PDF фор­ма­тын­да­ғы элек­трон­дық нұс­қа­сы), сон­дай-ақ соң­ғы тұ­ты­ну­шы­ға ар­нал­ған қап­та­ма­да­ғы элек­трон­дық CD оқулық­тар, ОӘК және ОӘК;
7) тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім­нің оқулық­та­ры, ОӘК мен ОӘҚ үшін пән бой­ын­ша оқу бағ­дар­ла­ма­сы;
8) тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­нің оқу ба­сы­лым­да­ры үшін – тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның рес­пуб­ли­ка­лық оқу-әді­сте­ме­лік бір­ле­стік ше­ші­мі­нен кө­шір­ме;
9) жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім­нің оқулық­та­ры, ОӘК мен ОӘҚ үшін – ма­ман­дық­тар­дың топ­та­ры бой­ын­ша оқу-әді­сте­ме­лік бір­ле­стіктің ше­ші­мі­нен кө­шір­ме;
10) элек­трон­дық жет­кіз­гіш­те­гі оқулық­тар, ОӘК мен ОӘҚ үшін – ер­кін ны­сан­да­ғы пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ар­нал­ған ор­на­ту және бас­шы­лық­қа алу нұс­қа­улы­ғы;
11) тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат (са­рап­та­ма­ны ақы­лы негіз­де жүр­гіз­ген жағ­дай­да).
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­гі за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­ядан тұ­ра­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға жа­з­ба­ша ке­лі­сім бе­ре­ді. Же­ке ку­әлан­ды­ру құ­жат­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мен Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Құ­жат­тар қа­был­дан­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат бе­рі­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту­дың негіз­де­ме­сі
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс бол­мауы анық­тал­ған­да;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған жағ­дай­да;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі болған, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған жағ­дай­да;
6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін өзге де негіз­дер бел­гі­ле­нуі мүм­кін.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы осы Стан­дарт­тың 8-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың то­лық топ­та­ма­сын ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ны­лу мер­зі­мі өт­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­та­ды және осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша қол­хат бе­ре­ді.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар топ­та­ма­сын Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға тап­сы­руы үшін кү­ту­дің ба­рын­ша рұқ­сат еті­ле­тін уа­қы­ты - 15 (он бес) ми­нут.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің ба­рын­ша рұқ­сат еті­ле­тін уа­қы­ты - 15 (он бес) ми­нут.
Оқулық­тар­ды, ОӘК мен ОӘҚ-ны са­рап­та­у­ға қа­был­дау олар­ды ен­гіз­ген­ге дей­ін ке­мін­де 1,5 жыл бұ­рын мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру дең­гей­ле­рі үшін жыл сай­ын 1 қаң­тар мен 31 ма­мыр ара­лы­ғын­да­ғы ке­зең­де, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру дең­гей­ле­рі үшін 1 қаң­тар мен 31 қа­зан ара­лы­ғын­да­ғы ке­зең­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өз бе­тін­ше жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­ла­ну қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800-080-7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы өті­ніш бе­ру жо­лы­мен Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның «1414» 8-800-080-7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы ала ала­ды.

1.3 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк
кешендер мен оқу-әдiстемелiк
құралдарды әзiрлеу, оларға
сараптама, сынақ өткізу және
мониторинг жүргізу, оларды басып
шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
не ұйымының атауы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________...
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
___________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
______________
(қолы)
Орындаушы:
________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Телефоны:____________________
Алдым:
________________________________ _________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
«___» _________ 20__ жыл

1.4 Оқу басылымына сараптамалық қорытынды

Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк
кешендер мен оқу-әдiстемелiк
құралдарды әзiрлеу, оларға
сараптама, сынақ өткізу және
мониторинг жүргізу, оларды басып
шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Оқу басылымына сараптамалық қорытынды
№___________
«___» _______ 20___ ж.
1. Аталым: __________________________________________________________________________
2. Басылым түрі ______________________________________________________________________
3. Оқу әдебиетінің авторы (авторлары):___________________________________________________
4. Баспа (әзірлеуші), басылып шыққан жылы: _____________________________________________
5. Білім беру деңгейі (сынып, жас тобы): _________________________________________________
____________________________________________________________________________________
6. Сараптама нәтижесі: ________________________________________________________________
«Оқулық» РҒПО директоры (директордың орынбасары) ____________________________________
МО

2 Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 19 мамыры
№ 211
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің
күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі

1

1. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тстандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі № 214 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11252 болып тіркелген, 2015 жылғы
22 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 8 ақпандағы № 54 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14940 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 сәуірде, «Егемен Қазақстан» газетінде 2017 жылғы 24 қарашада № 227 (29208) болып жарияланған);

3

3. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 16655 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 сәуірде жарияланған);

4

4. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 416 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19419 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы
1 қазанда жарияланған);

5

5. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15181 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 маусымда жарияланған);

6

6. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
28 сәуірдегі № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16927 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 мамырда жарияланған).

Қолданыстағы