Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года № 385 «Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц и стран, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг»

Қаулы · № 81 · қабылданған 31.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2012-no-385-ekb-132516/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года № 385 «Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц и стран, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг» Күшін жойған 14.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года № 385 «Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц и стран, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг»

Күшін жойған Қаулы № 81 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года № 385 «Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц и стран, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг»
Атауы (қаз.)
«Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
81
Қабылданған күні
31.05.2019
Көрсетілген редакция
14.04.2026 132516_819160.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018820
ЭКБ идентификаторы
132516
Редакция идентификаторы
132516_819160
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін
заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына
өзгерістерді енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 5 маусымдағы № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «В-» немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;»;
1-қосымшаға сәйкес Рейтингілердің салыстырмалы кестесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жазылсын.

2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

10 Рейтингілердің салыстырмалы кестесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 81 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына
1-қосымша
Рейтингілердің салыстырмалы кестесі

Standard & Poors
Moody's Investors Service
Fitch
1.
ААА
Ааа
ААА
2.
АА+
Aa1
АА+
3.
АА
Аа2
АА
4.
АА-
Аа3
АА-
5.
А+
A1
А+
6.
А
А2
А
7.
А-
A3
А-
8.
ВВВ+
Baa1
ВВВ+
9.
ВВВ
Ваа2
ВВВ
10.
ВВВ-
Ваа3
ВВВ-
11.
ВВ+
Ba1
ВВ+
12.
ВВ
Ва2
BB
13.
ВВ-
Ва3
ВВ-
14.
В+
В1
В+
15.
В
В2
В
16.
В-
В3
В-