Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Ерейментаускому району»

Ереже · № 5С-9/3-12 · қабылданған 10.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2012-no-5-56-12-ekb-66229/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Ерейментаускому району» Күшін жойған Ереже ·№ 5С-9/3-12 ·10.12.2012
03.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Ерейментаускому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-9/3-12 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Ерейментаускому району»
Атауы (қаз.)
Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі №5С-5/6-12 «Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-9/3-12
Қабылданған күні
10.12.2012
Көрсетілген редакция
03.03.2015 66229_182746.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BI003565
ЭКБ идентификаторы
66229
Редакция идентификаторы
66229_182746
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:32

0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі №5С-5/6-12 «Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының  97 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. «Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2012 жылғы 24 сәуірдегі №5С-5/6-12 Ерейментау аудандық мәслихатының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1-9-196 болып тiркелген, 2012 жылдың 26 мамырда «Ереймен» аудандық газетiнде, 2012 жылдың 26 мамырда «Ерейментау» аудандық газетiнде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданы бойынша тұрғын көмегін көрсету Ережесіне:
1 тармақ келесі мазмұндағы алтыншы азат жолмен толықтырылсын:
«жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны.»;
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегi отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемдерi, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеу, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй күтiмiнiң және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемiнiң шектi шығын үлесi тоқсанға арналған, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегiне өтiнiш берiлiп, отбасының жалпы табысының 15% пайызы шамасында белгiленедi.»;
6 тармақтың екінші азат жолы келесі мазмұндағы 11 тармақшамен толықтырылсын:
«11) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі _____________А. Қалжанов
«10» желтоқсан 2012 жыл

Қолданыстағы