Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Ерейментаускому району»

Ереже · № 5С-13/6-13 · қабылданған 27.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2012-no-5-56-12-ekb-72040/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Ерейментаускому району» Күшін жойған Ереже ·№ 5С-13/6-13 ·27.03.2013
03.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Ерейментаускому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-13/6-13 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Ерейментаускому району»
Атауы (қаз.)
Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі №5С-5/6-12 «Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-13/6-13
Қабылданған күні
27.03.2013
Көрсетілген редакция
03.03.2015 72040_182740.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BI003704
ЭКБ идентификаторы
72040
Редакция идентификаторы
72040_182740
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:26

0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі №5С-5/6-12 «Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының  97 бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. «Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2012 жылғы 24 сәуірдегі №5С-5/6-12 Ерейментау аудандық мәслихатының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1-9-196 болып тiркелген, 2012 жылдың 26 мамырда «Ереймен» аудандық газетiнде, 2012 жылдың 26 мамырда «Ерейментау» аудандық газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасын бекiту туралы»;
шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің:
ережесінің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы»;
мемлекеттік тілдегі ережесінің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Осы Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына, «Әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға абоненттiк төлем тарифiнiң ұлғаюы өтемiне қатысты телекоммуникация қызметiн көрсетудегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес құрастырылған.»;
барлық мәтін бойынша «отбасыларына (азаматтарына)» сөздерінің алдында «аз қамтылған» сөздерімен толықтырылсын;
2 тармақтың 2 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға отбасының бір тоқсанда тұтыну төлемiнiң шектi шығын үлесi, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегiне өтiнiш берiлiп, жалпы табысының 15% пайызы шамасында белгiленедi.»;
мемлекеттік тілдегі 6 тармақтың 11) тармақшасының 2 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Кондоминиум ортақ мүлкiнiң күрделi жөндеуiне шығынды өтемге құқылы отбасылар (азаматтар) осы Қағиданың 6 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа, ұсынады:»;
8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«8. Тұрғын үй көмегi меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) әр тоқсан сайын тағайындалады.»;
9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«9. Уәкілетті орган телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстары, шекті жол берілген шығыстар үлесінен аспаған жағдайда тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.»;

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі _____________А. Қалжанов
«27» наурыз 2013 жыл

Қолданыстағы