О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Ерейментауского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 24 апреля 2012 года № 5С-5/6-12 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Ерейментауского района"
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-28/4-14
- Қабылданған күні
- 27.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2015 81493_182744.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BI004284
- ЭКБ идентификаторы
- 81493
- Редакция идентификаторы
- 81493_182744
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:17
0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-5/6-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-9-196 болып тіркелген, «Ереймен» аудандық газетінде 2012 жылдың 26 мамырында, «Ерейментау» аудандық газетінде 2012 жылдың 26 мамырында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1 тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігіндегі байланыс қызметтер;»;
2 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға отбасының (азаматтардың) бір тоқсанда тұтыну төлемiнiң шектi шығын үлесi, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегiне өтiнiш берiлiп, жалпы табысының 10 % шамасында белгiленедi.»;
5 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (бұдан әрі – абонент) телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өтемін, телефонның абоненттік төлемінің ұлғайған айырмасын тұрғын үй күтімі мен коммуналды қызметті тұтынуға арналған шығын сомасына енгізу арқылы беріледі.»;
6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов