О внесении дополнении в решение Бейнеуского районного маслихата от 24 июля 2012 года № 6/42 "О видах социальной помощи оказываемым отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнении в решение Бейнеуского районного маслихата от 24 июля 2012 года № 6/42 "О видах социальной помощи оказываемым отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 6/42 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері туралы" шешіміне толықтырлар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/63
- Қабылданған күні
- 10.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2014 AI69285_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12MC002183
- ЭКБ идентификаторы
- 69285
- Редакция идентификаторы
- AI69285_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:32
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 6/42 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері туралы" шешіміне толықтырлар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Бейнеу аудандық маслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 6/42 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 8 тамыздағы №11-3-139 реттік санымен тіркелген, аудандық «Рауан» газетінің 2012 жылғы 30 тамыздағы №35 (2058) санында жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1. Шешіммен бекітілген қосымшадағы «Бейнеу ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерінің тізілімі, мерзілімдігі және мөлшерінде»:
004 бюджеттік бағдарламаның коды бойынша, ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмек бойынша «Әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары» бағанына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) «педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары тізбесіне сәйкес» деген сөздерден кейін «және кітапханашылар» деген сөздермен толықтырылсын;
2 2) «Ветеринария мекемелерінде:
Директор, бас ветеринар дәрігер, ветеринар дәрігер, ветеринар-техник, ветеринар - санитар, эксперт, мал көміндісін қадағалау маманы» деген жолдармен толықтырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Н. Хайруллаев) жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Өмірбеков
«10» желтоқсан 2012 жыл
«Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М.Нысанбаев
«10» желтоқсан 2012 жыл