Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке осуществления контроля за наличием и целевым использованием продукции военного назначения, поставляемой в рамках Договора между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о военно-техническом сотрудничестве от 24 декабря 2013 года

Заң · № 255-VI · қабылданған 13.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2013-ekb-131377/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке осуществления контроля за наличием и целевым использованием продукции военного назначения, поставляемой в рамках Договора между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о военно-техническом сотрудничестве от 24 декабря 2013 года Қолданыста Заң ·№ 255-VI ·13.05.2019
13.05.2019 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке осуществления контроля за наличием и целевым использованием продукции военного назначения, поставляемой в рамках Договора между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о военно-техническом сотрудничестве от 24 декабря 2013 года

Қолданыста Заң ·№ 255-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке осуществления контроля за наличием и целевым использованием продукции военного назначения, поставляемой в рамках Договора между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о военно-техническом сотрудничестве от 24 декабря 2013 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
255-VI
Қабылданған күні
13.05.2019
Көрсетілген редакция
13.05.2019 131377_411470.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1900000255
ЭКБ идентификаторы
131377
Редакция идентификаторы
131377_411470
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:59

0 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

туралы келісімді ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы 2017 жылғы
29 қарашада Мәскеуде жасалған келісім ратификациялансын.

1 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы КЕЛІСІМ

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында және Шарттың 10-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Шарт шеңберінде әскери мақсаттағы өнімді беруші Тарап (бұдан әрі - өнім беруші Тарап) оның болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды (бұдан әрі - бақылау) жүзеге асыруға құқылы.
Өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тарап өнім беруші Тараптың бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар ұсынады.

2 2-бап

Шарт шеңберінде берілген әскери мақсаттағы өнім бақылау нысанасы болып табылады.

3 3-бап

Бақылау мақсаты Шарт шеңберінде жасалған келісімшарттар бойынша берілген әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын (берілген әскери мақсаттағы өнімнің, сондай-ақ оның Тараптардың қарулы күштерінде, басқа да әскерлерінде, әскери құралымдарында, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдарында (қызметтерінде) нысаналы пайдаланылуын, есептен шығарылуының, оның ішінде қайтарылмайтын шығын ретінде есептен шығарылуының негізділігін растайтын қажетті құжаттың болуын) тексеру болып табылады.

4 4-бап

Тараптардың осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
Ресей тарапынан - Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызмет болып табылады.
Тараптардың уәкілетті ұйымдары:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерінің, әскери құралымдарының, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдарының мүдделерінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты тиісті қызмет түріне құқығы бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ ұйымдар;
Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер мүдделерінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысына мемлекеттік тапсырыс берушінің функцияларын орындауға уәкілеттік берілген федералдық атқарушы билік органдары және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әскери мақсаттағы өнімге қатысты тиісті қызмет түріне құқығы бар ұйымдар болып табылады.
Уәкілетті органдардың атаулары мен функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін дереу хабардар етеді.

5 5-бап

Өнім беруші Тараптың уәкілетті органы бақылауды жүзеге асыру мақсатында әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың уәкілетті органына бақылау жүргізу туралы сұрау салуды алдын ала дипломатиялық арналар арқылы жібереді. Сұрау салуда өнім беруші Тарап оған қатысты бақылауды жүзеге асыруға ниеттенген әскери мақсаттағы өнім, оны жүргізу мерзімдері, сондай-ақ бақылау барысында пайдаланылатын техникалық құралдар көрсетіледі.
Бақылау мақсаты үшін өнім беруші Тараптың Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, уәкілетті органы мен уәкілетті ұйымының өкілдерінен тұратын бақылау тобы (бұдан әрі - бақылау тобы) құрылады.
Егер Тараптардың уәкілетті органдары өзге туралы ескертпесе, бақылау тобының сандық құрамы, әдетте, бес адамнан аспауға тиіс.

6 6-бап

Өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың уәкілетті органы бақылау тобын қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
Бақылау жүргізу туралы сұрау салу алғаннан кейін өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың уәкілетті органы осы Тараптың уәкілетті ұйымымен бақылау жүргізу орнын, мерзімдері мен рәсімдерін келіседі және беруші Тараптың уәкілетті органына бақылау жүргізу мүмкіндігін растауды дипломатиялық арналар арқылы жібереді.

7 7-бап

Өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың уәкілетті органы бақылау жүргізу туралы сұрау салуда көрсетілген әскери мақсаттағы өнімді, сондай-ақ оның нысаналы пайдаланылуын растайтын қажетті құжаттаманы ұсынуға міндетті.

8 8-бап

Өнім беруші Тараптың уәкілетті органы өкілінің және (немесе) уәкілетті ұйымы өкілінің Шарт шеңберінде жасалған келісімшарттар бойынша берілетін әскери мақсаттағы өнімді есептен шығару, жою (кәдеге жарату) кезінде қатысуға құқығы бар.

9 9-бап

Егер Тараптың халықаралық міндеттемелерінде өзгеше белгіленбесе, бақылау 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімнің ережелері ескеріле отырып және өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың заңнамасында көзделген режимдік талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Бақылау тобының мүшелері бақылау жүргізу кезеңінде өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың заңнамасын сақтауға міндетті.

10 10-бап

Бақылау жүргізу бойынша материалдық және қаржылық міндеттемелер, егер Тараптар жазбаша түрде өзге туралы уағдаласпаса ғана, Тараптарға былайша жүктеледі:
өнім беруші Тараптың делегациясы (бақылау тобы) өздерінің әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың аумағына жол жүруге арналған көліктік шығыстарын, сондай-ақ тұруға (орналасуға) және тамақтануға арналған шығыстарын төлейді;
бақылау іс-шараларын техникалық қамтамасыз ету және авиациялық көлікті қоспағанда, ел ішіндегі көліктік шығыстар өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тарапқа жүктеледі.

11 11-бап

Өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тарап бақылау жүргізу кезеңіне, өзінің Шарт шеңберінде әскери мақсаттағы өнімді сатып алған уәкілетті органы мен уәкілетті ұйымының өкілдерін бөледі, бақылау тобының мүшелерін қарсы алуды, оларды бақылау орнына алып баруды, олардың жұмыс істеуіне және тұруына жағдайлар жасауды, алғашқы медициналық көмек және көліктік қызмет көрсетуді, тікелей бақылау объектісінде, сондай-ақ мүмкіндігінше кез келген басқа жерде бақылау тобы басшысының өтініші бойынша халықаралық (қалааралық) байланыс құралдарын пайдалану мүмкіндігін, қызметтік құжаттардың, әкелінетін техникалық бақылау құралдарының сақталуын және бақылау тобы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

12 12-бап

Жүргізілген бақылау нәтижелері екіжақты актімен ресімделеді.
Актіде:
бақылау тобының дербес құрамы және өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың өкілдері;
олардың негізінде бақылау жүзеге асырылатын құжаттар (бақылау жүргізу туралы сұрау салу, бақылау жүргізу мүмкіндігін растау);
бақылау объектілері;
бақылауды жүзеге асыру мерзімдері;
бақылау нәтижелері көрсетіледі.
Акт бірдей күшке ие екі данада жасалады, оған бақылау тобының мүшелері және өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың уәкілетті органы мен уәкілетті ұйымының өкілдері қол қояды.
Актінің бір данасы өнім беруші Тарапқа, екіншісі - өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тарапқа арналады.

13 13-бап

Берілген әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдаланбаудың немесе оның болмауының анықталған және актіде тіркелген фактілері келісімшарттардың тиісті ережелерін қолдану үшін, сондай-ақ Тараптардың уәкілетті органдарының осындай бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу туралы консультациялар мен келіссөздер өткізуі үшін негіз болып табылады.

14 14-бап

Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

15 15-бап

Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Тараптардың Шарт шеңберінде берілген әскери мақсаттағы өнімді бүкіл пайдалану мерзімі ішінде қолданылады.
2017 жылғы 29 қарашада Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

Қолданыстағы