О внесении изменения в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 24 мая 2013 года № 13-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в районе имени Габита Мусрепова»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 24 мая 2013 года № 13-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в районе имени Габита Мусрепова»
- Атауы (қаз.)
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35-3
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2018 90560_427844.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SE003275
- ЭКБ идентификаторы
- 90560
- Редакция идентификаторы
- 90560_427844
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:56
0 Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының 2013 жылғы
24 мамырдағы № 13-2 «Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданда тұратын аз
қамтамасыз етілген отбасыларына
(азаматтарына) тұрғын үй көмегін
көрсету Қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 маусымда № 2299 тіркелген, аудандық «Есіл өңірі» газетінде 2013 жылғы 15 шілдеде, «Новости Приишимья» газетінде 2013 жылғы 15 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
1 «1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________Н. Барақаев
2015 жылғы 27 мамыр