О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 15-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 15-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района»
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 15-4 «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24-3
- Қабылданған күні
- 17.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2020 124026_448404.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZE005318
- ЭКБ идентификаторы
- 124026
- Редакция идентификаторы
- 124026_448404
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:42
0 Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 15-4 «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 15-4 «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3415 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 3 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
3-қосымшадағы бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 300 000».
2 2. Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
Б.Қонысбаева_________________
2018 жылғы «20» шілде