Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Бурлинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 17-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бурлинского района»

Ереже · № 13-2 · қабылданған 13.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2013-no-17-3-ekb-110783/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Бурлинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 17-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бурлинского района» Күшін жойған Ереже ·№ 13-2 ·13.03.2017
13.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Бурлинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 17-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бурлинского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 13-2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Бурлинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 17-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бурлинского района»
Атауы (қаз.)
Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13-2
Қабылданған күні
13.03.2017
Көрсетілген редакция
13.02.2020 110783_444698.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ZC004745
ЭКБ идентификаторы
110783
Редакция идентификаторы
110783_444698
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:48

0 Бөрлі аудандық мәслихатының

2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17-3 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17-3 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтардағы «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8 - тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) инва-такси қызметін қолданбайтын көз ауруы бойынша 1, 2 топ мүгедектеріне, 1 типті қант диабетімен ауратындарға қалалық қоғамдық көліктерде жүруіне байланысты шығындарын өтеу үшін 1 АЕК мөлшерінде көрсетіледі;»;
9 – тармақта:
1) тармақша  мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатерлі ісік ауруларына, туберкулезбен ауратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде, табысын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, жалғыз тұратын мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде, дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы бойынша емделуге табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) гемодиализ аппаратын қабылдайтын 1 топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай – 50 АЕК мөлшерінде;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаториялық емделуге баратын жол шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде көрсетіледі.»;
Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 1- қосымшасындағы бесінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні бір реттік».

3 3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мұқашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_________________ М.Тоқжанов
«16» 03 2017 жыл
Ескерту: аббревиатураның шешуі:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы