Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Каратобинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 19-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратобинского района»

Ереже · № 5-4 · қабылданған 09.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2013-no-19-13-ekb-106008/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Каратобинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 19-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратобинского района» Күшін жойған Ереже ·№ 5-4 ·09.08.2016
10.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Каратобинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 19-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратобинского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 5-4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Каратобинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 19-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратобинского района»
Атауы (қаз.)
Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 19-13 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-4
Қабылданған күні
09.08.2016
Көрсетілген редакция
10.04.2020 106008_455356.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZI004549
ЭКБ идентификаторы
106008
Редакция идентификаторы
106008_455356
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:08

0 Қаратөбе аудандық мәслихатының

2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 19-13
«Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек
көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-13 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3416 тіркелген, 2014 жылғы 4 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
9 – тармақтың 1, 6, 7 тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) онкологиялық ауруларына, туберкулез ауруларына аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде.»;
«6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілгендерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған және 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы
9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға санаторлық –курорттық ем алуы үшін, табысын есепке алмай 31 АЕК мөлшерінде;
«7) гемодиализдегі 1 топ мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;».
8 – тармақ мынадай мазмұндағы 4 - тармақшамен толықтырылсын:
«4) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға айлық есепттік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде.»

2 2. Қаратөбе аудандық мәслихатының аппарат басшысы Ж.Жангазиев осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛIСIЛДІ»
Батыс Қазақстан облысының
әкімінің орынбасары
М. Тоқжанов
2016 жылғы «19» тамыз

Қолданыстағы