О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 21/3 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2014 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 21/3 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2014 год"
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 21/3 "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27/2
- Қабылданған күні
- 10.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2014 83487_152938.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BP004374
- ЭКБ идентификаторы
- 83487
- Редакция идентификаторы
- 83487_152938
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:38
0
Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 21/3 "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелерінің 2 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Сандықтау аудандық мәслихатының «Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 21/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3968 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2014 жылы 24 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу үшін немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде және әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Сандықтау ауданының әкімі Е. Сағдиев
2014 жылғы 10 қыркүйек