Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 24/176 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 18/160 · қабылданған 30.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2013-no-24176-ekb-121231/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 24/176 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 18/160 ·30.03.2018
03.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 24/176 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 18/160 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 24/176 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18/160
Қабылданған күні
30.03.2018
Көрсетілген редакция
03.11.2023 121231_663598.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DF004720
ЭКБ идентификаторы
121231
Редакция идентификаторы
121231_663598
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:04

0 Қалалық мәслихаттың

2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы №9 (12115) «Балқаш өңірі», 2014 жылғы 29 қаңтардағы №9 (1188) «Северное Прибалхашье» газеттерінде, 2014 жылғы 31 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларының 10 тармағында:

2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне:
көп балалы ананың жәрдемақысын алушыларға.
3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы мерекесіне:
жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға;
жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға.»;

2) 11 - тармағындағы 7) тармақша алынып тасталсын;

3) 18 - 1, 26 - 1, 26 - 2 тармақтары алынып тасталсын.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қала әкімі
А. М. Аглиулин
2018 жыл 30 наурыз
«Балқаш қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж. Қ. Томпиева
2018 жыл 30 наурыз
«Балқаш қаласының экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
З. С. Шлыкова
2018 жыл 30 наурыз

Қолданыстағы