О внесении изменений и дополнения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 25/3-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 25/3-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/2-VI
- Қабылданған күні
- 11.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2018 112448_329011.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VA005026
- ЭКБ идентификаторы
- 112448
- Редакция идентификаторы
- 112448_329011
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:09
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» Өскемен қалалық мәслихатының
2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3176 тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпандағы № 6 «Өскемен», № 6 «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
1)тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
8) тармақша алып тасталсын;
9 тармақтың 4 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр – мөлшері 43000 (қырық үш мың) теңгеден аспайтын зейнетақы төлемін алушыларға – 20 000 теңге;»;
21 тармақ алып тасталсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Өскемен қалалық мәслихаты
хатшысының өкілеттігін
уақытша жүзеге асыратын А. Құрманғалиев