О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 281 «Об утверждении Правил выдачи удостоверений жителя пограничной зоны иностранцам и лицам без гражданства, постоянно проживающим в пограничной зоне Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 281 «Об утверждении Правил выдачи удостоверений жителя пограничной зоны иностранцам и лицам без гражданства, постоянно проживающим в пограничной зоне Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 17.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2024 138903_717231.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019906
- ЭКБ идентификаторы
- 138903
- Редакция идентификаторы
- 138903_717231
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:19
0 «Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8473 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінің № 203 (28142) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шекаралық аймақ тұрғыны куәлігін ұзартқан жағдайда ол көші-қон қызметінің уәкілетті қызметкерінің қолымен және аумақтық ішкі істер органының елтаңбалы мөрімен расталады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әрбір ресімделген куәлікке Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарының стандарттық кодына сәйкес ауданның (қаланың) үштаңбалы кодынан тұратын нөмір және бөлшек арқылы – тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі беріледі.
Барлық кодтар, сондай-ақ тіркеу мекенжайлары және оларда қабылданған қысқартулар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кодтар мен қысқартулардың анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.