О внесении дополнения в решение Шымкентского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 30/193-5с "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Шымкентского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 30/193-5с "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/193-5с "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/304-5с
- Қабылданған күні
- 24.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2016 86184_113954.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UA002972
- ЭКБ идентификаторы
- 86184
- Редакция идентификаторы
- 86184_113954
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:23
0 Шымкент қалалық мәслихатының
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№30/193-5с «Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидасын бекіту туралы»
шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №30/193-5с «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2501 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармағы 11) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«11) атаулы әлеуметтік көмек алатын қала тұрғындарын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Ұлттық телехабар тарату қызметтеріне қосуды қамтамасыз етуге, біржолғы 15,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».