О внесении изменения в решение Шымкентского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 30/193-5с «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Шымкентского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 30/193-5с «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/193-5с шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46/324-5c
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2016 89540_113956.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UA003152
- ЭКБ идентификаторы
- 89540
- Редакция идентификаторы
- 89540_113956
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:52
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасын бекіту туралы» Шымкент
қалалық мәслихатының 2013 жылғы
24 желтоқсандағы №30/193-5с шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1–тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2–3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №30/193-5с «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2501 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) Адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтыру немесе Жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын 15,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».