Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска»

Ереже · № 7С-14/6 · қабылданған 13.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2013-no-5-258-ekb-167758/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска» Күшін жойған Ереже ·№ 7С-14/6 ·13.05.2022
09.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска»

Күшін жойған Ереже ·№ 7С-14/6 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска»
Атауы (қаз.)
Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7С-14/6
Қабылданған күні
13.05.2022
Көрсетілген редакция
09.02.2024 167758_684225.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22BB028070
ЭКБ идентификаторы
167758
Редакция идентификаторы
167758_684225
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:58

0 Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Осы Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.»;
5-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«5. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
7-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді түрде ай сайын көрсетіледі.»;
8-1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«8-1. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысы жергілікті атқарушы органы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.»;
9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

9 «9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 8-бабында айқындалған күші қолданылатын басқа да адамдарға;
ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ен төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектерге;
мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті);
фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға);
ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге;
аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);
барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ДКК) қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін негіздеме болып табылады:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;

2 2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3 3) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,7 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.»;
11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

11 «11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1 1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2 2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3 3) фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4 4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

12-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

12 «12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескеріп, өтініш бойынша әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі:

1 1) Степногорск қаласы колледждерінің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге нысаналы трансферттер есебінен жылдық оқыту құнының мөлшерінде;

2

2) Степногорск қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен және дін істері қызметін жүзеге асыратын ұйымдарымен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғары медициналық оқу орындарында, сонымен қатар педагогика және теология саласы мамандарын оқытатын жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу орнымен жасалған шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарға тиесілігін растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жылдық оқыту құны мөлшерінде ақы төлеуге;

3 3) барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек-балаларға, ДКК қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4 4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсынумен, босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінгенде, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5

5) ардагерлер мен «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы 3 күнкөріс деңгейінен төмен Қазақстан Республикасының аумағында санаториялық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түрінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Санаториялық-курорттық емдеу құны 30 айлық есептік көрсеткіштен төмен болған жағдайда, нақты жұмсалған қаржы қаражаты төленеді.»;
12-1, 12-2 тармақтары алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы