Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области транспортировки российской нефти через территорию Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику от 24 декабря 2013 года

Заң · № 84-VIII · қабылданған 20.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2013/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области транспортировки российской нефти через территорию Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику от 24 декабря 2013 года Қолданыста Заң ·№ 84-VIII ·20.05.2024
20.05.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области транспортировки российской нефти через территорию Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику от 24 декабря 2013 года

Қолданыста Заң ·№ 84-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области транспортировки российской нефти через территорию Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику от 24 декабря 2013 года
Атауы (қаз.)
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
84-VIII
Қабылданған күні
20.05.2024
Көрсетілген редакция
20.05.2024 196878_701694.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000084
ЭКБ идентификаторы
196878
Редакция идентификаторы
196878_701694
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:29

0

2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 16 маусымда Санкт-Петербургте жасалған хаттама ратификациялансын.

0 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық
актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың
мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық
Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған
көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге,
есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы
істер министрлігінен алуға болады
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабының негізінде
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) 2-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі";

2 2) 2-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Ресей Тарапынан - "Роснефть" мұнай компаниясы" жария акционерлік қоғамы.";
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап
Тараптар Ресей Тарапының уәкілетті ұйымы жылына 10 миллион тонна мөлшеріндегі ресейлік мұнайды ұзақ мерзімді тасымалдауы үшін жағдай жасайды және оған "Ресей Федерациясының шекарасы - Қазақстан Республикасының шекарасы ("Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) - Қазақстан Республикасының шекарасы - Ресей Федерациясының шекарасы ("Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) - Ресей Федерациясының шекарасы Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) тасымалдау бағыты бойынша магистральдық құбырлар жүйесіне қол жеткізу құқығын береді".";

4 4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"4-бап
Осы Келісімнің 3-бабында көзделген тасымалдау бағыты бойынша мұнайды ұзақ мерзімді тасымалдау:
"Ресей Федерациясының шекарасы - Қазақстан Республикасының шекарасы ("Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) - Қазақстан Республикасының шекарасы - Ресей Федерациясының шекарасы ("Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры)" бағытының қазақстандық бөлігі бойынша (бұдан әрі - 1-тасымалдау бағыты) - Қазақстан Тарапының уәкілетті ұйымы мен бағыттың көрсетілген бөлігі бойынша мұнайды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде Ресей Тарапының уәкілетті ұйымының агенті ретінде әрекет ететін "Транснефть" жария акционерлік қоғамы арасындағы шартқа сәйкес;
"Қазақстан Республикасының шекарасы - Ресей Федерациясының шекарасы ("Туймазы - Омбы - Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) - Ресей Федерациясының шекарасы - Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс)" бағытының ресейлік бөлігі бойынша Ресей Тарапының уәкілетті ұйымы мен Ресей Федерациясының магистральдық құбырлары жүйелерінің техникалық мүмкіндігін ескере отырып, Ресей Федерациясының магистральдық құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі оператор болып табылатын "Транснефть" жария акционерлік қоғамы арасындағы шартқа сәйкес;
"Ресей Федерациясының шекарасы - Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы)" бағытының қазақстандық бөлігі бойынша (бұдан әрі - 2-тасымалдау бағыты) - Тараптардың уәкілетті ұйымдары арасында мұнайды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа (бұдан әрі - тасымалдау туралы шарт) сәйкес жүзеге асырылады, оның талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарттың талаптарынан ерекшеленуі мүмкін.";

5 5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"5-бап
1-тасымалдау бағыты бойынша Ресей Тарапының уәкілетті ұйымына заңды негізде тиесілі жылына 10 миллион тонна мөлшеріндегі мұнайды тасымалдау құны 1 тонна үшін 2,1 АҚШ долларын құрайды және Қазақстан Тарапының уәкілетті ұйымы төлем жасауға тапсырма берген күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы негізінде теңгемен төленеді. Тасымалдаудың мұндай құны және есептеу тәртібі тиісті тасымалдау туралы шартта белгіленеді және осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде өзгертілуге жатпайды.
2-тасымалдау бағыты бойынша Ресей Тарапының уәкілетті ұйымына заңды негізде тиесілі жылына 10 миллион тонна мөлшеріндегі мұнайды тасымалдау құнын Тараптардың уәкілетті ұйымдарының уағдаластықтары негізінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы 1 тонна үшін АҚШ долларымен осы Келісімнің бүкіл қолданылу мерзіміне бекітеді. Тасымалдаудың мұндай құны тасымалдау туралы шартта белгіленеді және Тараптардың уәкілетті ұйымдарының келісімінсіз осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде өзгертілуге жатпайды.
Қазақстан Тарапы 1 және 2-тасымалдау бағыттары бойынша (оның ішінде оның учаскелерінің кез келгені бойынша) мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салады. Бұл ретте Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын қайтару мақсаты үшін мұнайды тасымалдау бағыты бойынша (оның ішінде оның учаскелерінің кез келгені бойынша) тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді халықаралық тасымал ретінде қарастырады.";

6 6) 10-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Осы Келісім 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".

2 2-бап

Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 10 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
2023 жылғы "16" маусымда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Қолданыстағы