О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 413
- Қабылданған күні
- 19.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2016 104658_157987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000413
- ЭКБ идентификаторы
- 104658
- Редакция идентификаторы
- 104658_157987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:20
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
«Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
«68-1) Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігімен, оның ішінде қабылданған міндеттемелерді орындауымен және келіссөздерге қатысуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 86-1) тармақшамен толықтырылсын:
«86-1) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;»;
290) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«290) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды бекіту тәртібін айқындау;»;
«Ведомстволардың функциялары» деген 17-тармақта:
290) тармақша алып тасталсын.