Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қаулы · № 774 · қабылданған 25.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-1011-ekb-116184/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 774 ·25.11.2017
25.11.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 774 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
774
Қабылданған күні
25.11.2017
Көрсетілген редакция
25.11.2017 116184_259344.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000774
ЭКБ идентификаторы
116184
Редакция идентификаторы
116184_259344
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:09

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар

енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 141-2), 141-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«141-2) республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
141-3) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісін жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
260) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«260) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 260-1) тармақшамен толықтырылсын:
«260-1) қызметі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 339-70), 339-71), 339-72), 339-73) және 339-74) тармақшалармен толықтырылсын:
«339-70) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін әзірлеу;
339-71) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді айқындау қағидаларын әзірлеу;
339-72) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын келісу қағидаларын әзірлеу;
339-73) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
339-74) жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін әзірлеу және бекіту;»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) электр желілерін балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда, сондай-ақ оларды басқа энергия беруші ұйымдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде қолданыстағы тарифтік сметаларды бекітілген және қолданыстағы тариф шеңберінде олардың қалған қолданылу мерзіміне түзету;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы