О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 881
- Қабылданған күні
- 26.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2017 117252_275024.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000881
- ЭКБ идентификаторы
- 117252
- Редакция идентификаторы
- 117252_275024
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:21
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
137) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 339-75), 339-76) және 339-77) тармақшалармен толықтырылсын:
«339-75) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
339-76) бюджеттік жоспарлау жөніндегі және білім және ғылым саласындағы орталық уәкілетті органдармен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
339-77) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі іске асыратын Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды әзірлеу және бекіту;».