О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 816
- Қабылданған күні
- 07.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2018 126582_377249.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000816
- ЭКБ идентификаторы
- 126582
- Редакция идентификаторы
- 126582_377249
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:12
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық қамтамасыз ету, оның ішінде елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін бес жылдық кезеңге болжамдау әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту;».