О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 432
- Қабылданған күні
- 25.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2019 132654_411263.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000432
- ЭКБ идентификаторы
- 132654
- Редакция идентификаторы
- 132654_411263
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:23
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 86-2), 86-3), 86-4), 86-5), 86-6), 86-7), 86-8), 86-9), 86-10), 86-11), 86-12) және 86-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«86-2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
86-3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы негізде ақпарат беру;
86-4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-6) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
86-7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
86-8) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
86-9) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-10) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне әдістемелік көмек беруді және үйлестіруді жүзеге асыру;
86-11) нарықтың дайын болуына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың жүргізген талдауына сараптамалық қорытындылар дайындау және беру;
86-12) өз құзыреті шегінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бәсекелес ортаға беру үшін ұсынатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іріктеу нәтижелеріне сараптама жүргізу;
86-13) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген оңтайландыру тұрғысынан ұсынылған есептеме бойынша қорытынды әзірлеу және беру;».