Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қаулы · № 233 · қабылданған 12.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-1011-ekb-154738/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 233 ·12.04.2021
12.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 233 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
233
Қабылданған күні
12.04.2021
Көрсетілген редакция
12.04.2021 154738_521080.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000233
ЭКБ идентификаторы
154738
Редакция идентификаторы
154738_521080
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:42

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы қаулы:
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 74) тармақшасын;
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 262-3) және 262-4) тармақшаларын;
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 23-1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «жұмылдыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.» деген сөздер «жұмылдыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жобалық басқару салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) жобалық басқару;»;
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) мұнайдың есептік бағасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;»;
148) және 149) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 262-1), 262-2), 262-3), 262-4), 262-5) және 262-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«262-1) жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
262-2) мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін әзірлеу және бекіту;
262-3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша әзірлеу;
262-4) бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу;
262-5) зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу жөніндегі тәртіпті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
262-6) бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;».

2

2. Осы қаулының 1-тармағының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын және осы қаулының 1-тармағының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы