О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 814
- Қабылданған күні
- 12.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2022 172767_597024.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000814
- ЭКБ идентификаторы
- 172767
- Редакция идентификаторы
- 172767_597024
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:30
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.»;
15-тармақта:
156) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«156) басқа мемлекеттік органдардың рұқсаттар және хабарламалар саласындағы қызметін үйлестіру;»;
158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«158) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іске асыру, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту;»;
165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«165) кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;»;
171) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«171) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;»;
174) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«174) кәсіпкерлік субъектілері және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімдерін жүргізу;».