Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қаулы · № 908 · қабылданған 16.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-1011-ekb-173808/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 908 ·16.11.2022
16.11.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 908 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
908
Қабылданған күні
16.11.2022
Көрсетілген редакция
16.11.2022 173808_600965.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000908
ЭКБ идентификаторы
173808
Редакция идентификаторы
173808_600965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:01

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетiнің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiнің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің атауы өзгертілсін.

2 2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 609-1) тармақшамен толықтырылсын:
«609-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;»;
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«207. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлімде:
225, 226, 227, 228, 229 және 230-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«225. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
226. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
227. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
228. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
229. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы.
230. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.».

3 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 105-1) тармақшамен толықтырылсын:
«105-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;».

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiнің қайта аталатын аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiнің қайта аталатын аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi бойынша:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бойынша:

1

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

2

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;

3

3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;

4

4) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;

5

5) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана – жаңа қала» Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;

6

6) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бойынша:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бойынша:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
_________________________

Қолданыстағы