О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 186
- Қабылданған күні
- 03.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2023 178909_636606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000186
- ЭКБ идентификаторы
- 178909
- Редакция идентификаторы
- 178909_636606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:16
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3) және 26-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру;
26-2) бірыңғай төлемді төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын келісу;
26-3) импорты қосылған құн салығынан босатылатын мемлекеттік емес музейлер әкелетін өнер туындыларының тізбесін келісу;
26-4) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын:
«186-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;».