О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 964
- Қабылданған күні
- 02.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2023 187900_663642.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000964
- ЭКБ идентификаторы
- 187900
- Редакция идентификаторы
- 187900_663642
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:02
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) өңірлік стандарттар жүйесінің қамтамасыз етілуін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
132) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«132) жергілікті атқарушы органдардың ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг (скрининг) жүргізуі туралы нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 132-1) тармақшамен толықтырылсын:
«132-1) ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту;»;
137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«137) даму әлеуеті бар (стратегиялық ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, тірек және серіктес) ауылдардың тізбесін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 166-8) тармақшамен толықтырылсын:
«166-8) моноқалалардың тізбесін әзірлеу және бекіту;».