Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қаулы · № 551 · қабылданған 13.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-1011-ekb-198727/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 551 ·13.07.2024
13.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 551 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 «Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
551
Қабылданған күні
13.07.2024
Көрсетілген редакция
13.07.2024 198727_710937.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000551
ЭКБ идентификаторы
198727
Редакция идентификаторы
198727_710937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:34

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
186) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«186) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде талаптардың сақталуы тұрғысынан жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 186-2), 186-3) және 186-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«186-2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінiң 85-2-бабына сәйкес мемлекеттiк органдарға қатысты кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
186-3) кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
186-4) кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарының нысанын, тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілердің нысандарын, тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысанын, мерзімдік, жоспардан тыс тексерудің және қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындының нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«200) реттеушілік әсерге талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
200-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«200-6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, мемлекеттік жоспарлау саласындағы құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын сараптама кеңестерінің қарауын ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 200-13), 200-14), 200-15) және 200-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«200-13) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай және мүліктік қолдау тәртібін, нысандарын, мөлшерін және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды әзірлеу;
200-14) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын, экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды әзірлеу;
200-15) реттеуші мемлекеттік органдар айқындайтын реттеушілік актілерге кейіннен талдау жүргізу мерзімдерін келісу;
200-16) энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы