О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 24 апреля 2014 года № 124/4 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача решения о строительстве культовых зданий (сооружений), определении их месторасположения, а также перепрофилировании (изменении функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 24 апреля 2014 года № 124/4 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача решения о строительстве культовых зданий (сооружений), определении их месторасположения, а также перепрофилировании (изменении функционального назначения) зданий (сооружений) в культовые здания (сооружения)"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" № 124/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 253/7
- Қабылданған күні
- 17.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2015 82073_238681.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14P0003941
- ЭКБ идентификаторы
- 82073
- Редакция идентификаторы
- 82073_238681
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:06
0
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" № 124/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" № 124/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 болып тіркелді, 2014 жылғы 3 маусымда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 31 мамырда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
3-бөлім келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар), өзара іс-қимылда бірізділігінің реттілігін толық сипаттамасы мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы
дін істері басқармасының
басшысы Е. Рақымжанов
2014 жылғы "17" шілде
5 "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 17 шілдедегі
№ 253/7 қаулысына
қосымша
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу,олардың орналасатын жерін
айқындау, сондай-ақ үйлерді
(ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта
бейіндеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы
шешім беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын
жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілері: