Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 129 "Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь воинские или специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года"

Қаулы · № 1396 · қабылданған 29.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-129-1-2012-ekb-85598/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 129 "Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь воинские или специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года" Күшін жойған Қаулы ·№ 1396 ·29.12.2014
29.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 129 "Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь воинские или специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1396 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 129 "Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь воинские или специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года"
Атауы (қаз.)
"Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1396
Қабылданған күні
29.12.2014
Көрсетілген редакция
29.08.2023 85598_653755.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001396
ЭКБ идентификаторы
85598
Редакция идентификаторы
85598_653755
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:14

0

"Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:
4-тармақтың 4) тармақшасында:
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«шекаралық заставалардағы, бекеттердегі, комендатуралардағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі, маневрлік бөлімшелердегі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету бойынша қызмет өткеретін корабльдердегі және катерлердегі, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бекітетін тізбе бойынша Шекара қызметінің басқа да бөлімшелеріндегі - 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал көрсетілген күнге дейін - бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік шекарасында орналасқан заставалардағы, комендатуралардағы және оларға теңестірілген шекара әскерлерінің бөлімшелеріндегі, саптағы және мемлекеттік шекараны күзетуді тікелей атқарған шекаралық теңіз корабльдері мен катерлеріндегі, егер зейнетақы үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде осы жерлердегі қызметін есептеудің анағұрлым жеңілдік шарттары белгіленбесе;»;
мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:
«2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы қызмет;».

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы