О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 129 "Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь воинские или специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 129 "Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь воинские или специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года"
- Атауы (қаз.)
- "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1139
- Қабылданған күні
- 30.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2023 97249_653731.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500001139
- ЭКБ идентификаторы
- 97249
- Редакция идентификаторы
- 97249_653731
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:22
0
«Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:
4-тармақтың 4) тармақшасының отызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесі ведомстволарындағы, мекемелеріндегі, органдарындағы, кәсіпорындарындағы және білім беру ұйымдарындағы (жоғары оқу орындарын қоспағанда), 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы және 2004 жылғы 30 шілдеден бастап қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары оқу орындарындағы қызмет, сондай-ақ 2012 жылғы
18 ақпаннан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері, Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қызметі;».