О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 24 апреля 2014 года № 130/4 "О некоторых вопросах субсидирования на повышение урожайности и качества продукции растениеводства"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 24 апреля 2014 года № 130/4 "О некоторых вопросах субсидирования на повышение урожайности и качества продукции растениеводства"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" № 130/4 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 320/10
- Қабылданған күні
- 14.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2015 AI84033_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14P0004138
- ЭКБ идентификаторы
- 84033
- Редакция идентификаторы
- AI84033_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:19
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" № 130/4 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» № 130/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3845 болып тіркелді, 2014 жылғы 12 маусымда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 12 маусымда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
прембуласы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 149, 150, 151, 152, 153, 154-жолдармен толықтырылсын.
2 2.
«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3 3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4 4.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2014 жылғы «29» қазан
5 Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 14 қазандағы
№ 320/10 қаулысына
қосымша
149.
Торнадо, 500 с.е. (глифосат, 500 г/л)
литр
30
495
150.
Сонраунд, 48 % с.е. (глифосат, 360 г/л)
литр
30
519
151.
Авестар, 10% э.к. (феноксапроп-п-этил, 100 г/л+ фенклоразол-этил (антидот), 50 г/л)
литр
30
1027
152.
Фокстрот, с.э. (феноксапроп-п-этил, 69 г/л+ клоквинтоцет-мексил (антидот), 34,5 г/л)
литр
30
710
153.
Зерномакс, э.к. (2-этилгексил эфирі түріндегі 2,4-Д қышқылы, 500 г/л)
литр
30
555
154.
Меццо, 60 % с.д.т. (метсульфурон-метил,
600 г/кг)
кило-грамм
30
9190