Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 148 «Об утверждении типового перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму города районного значения, села, поселка, сельского округа»

Қаулы · № 776 · қабылданған 25.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-148/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 148 «Об утверждении типового перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму города районного значения, села, поселка, сельского округа» Күшін жойған Қаулы ·№ 776 ·25.11.2017
11.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 148 «Об утверждении типового перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму города районного значения, села, поселка, сельского округа»

Күшін жойған Қаулы ·№ 776 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 148 «Об утверждении типового перечня районного коммунального имущества, передаваемого в управление акиму города районного значения, села, поселка, сельского округа»
Атауы (қаз.)
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
776
Қабылданған күні
25.11.2017
Көрсетілген редакция
11.07.2023 116176_642352.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000776
ЭКБ идентификаторы
116176
Редакция идентификаторы
116176_642352
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:09

0 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 11, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 25 қарашадағы
№ 776 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық
мүліктің үлгі тізбесі

1. Мектепке дейінгі білім беру (балабақшалар) және мәдени-демалыс қызметі (мәдениет үйлері) салаларында қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері.

2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.

3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілер және өзге де мүлік (автомобиль жолы, елді мекеннің көшесі, саябақ, гүлзар, демалыс орны, ескерткіш).

Қолданыстағы