О внесении дополнений в решение районного маслихата от 24 февраля 2014 года № 162 "Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение районного маслихата от 24 февраля 2014 года № 162 "Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням"
- Атауы (қаз.)
- "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 06.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2016 AI93343_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CL004498
- ЭКБ идентификаторы
- 93343
- Редакция идентификаторы
- AI93343_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:47
0 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 болып тіркелген, 2014 жылдың 27 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 8 мың теңге мөлшерінде;
Үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.".
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
Аудандық мәслихат
сессия төрағасы
хатшысы
А.Жұбанышев
Д.Молдашев