О внесении дополнений в постановление акимата от 24 октября 2014 года № 1944 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Рудненский городской отдел физической культуры и спорта" акимата города Рудного"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата от 24 октября 2014 года № 1944 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Рудненский городской отдел физической культуры и спорта" акимата города Рудного"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 262
- Қабылданған күні
- 20.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 87984_118772.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NB005471
- ЭКБ идентификаторы
- 87984
- Редакция идентификаторы
- 87984_118772
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:35
0 Әкімдіктің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5183 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында спорттық құрылыстар салу мәселелерін үйлестіру;
15) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
16) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметін қамтамасыз ету.»;
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) Рудный қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Рудный қалалық № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»;
6) Рудный қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Рудный қалалық № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».