О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 205 "О бюджете города Аркалыка на 2015-2017 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 205 "О бюджете города Аркалыка на 2015-2017 годы"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 205 "Арқалық қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 218
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2015 87836_10637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NC005462
- ЭКБ идентификаторы
- 87836
- Редакция идентификаторы
- 87836_10637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:56
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 205 «Арқалық қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №205 «Арқалық қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5289 тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда «Торғай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арқалық қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 3752680,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 1206340,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 10773,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46000,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 2489567,7 мың тенге, оның ішінде субвенция көлемі – 1709083,0 мың теңге;
2) шығындар – 3703230,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 26652,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 50142,0 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – -27344,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 27344,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 2–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2015 жылға арналған қала бюджетінде 659635,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі, оның ішінде:
азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімдерінің штаттық кестесін қамтамасыз етуге 2170,0 мың теңге сомасында;
үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға 27976,0 мың теңге сомасында;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 71749,0 мың теңге сомасында;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 560,0 мың теңге сомасында;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 2419,0 мың теңге сомасында;
арнаулы әлеуметтік қызметтердің стандарттарын енгізуге 3217,0 мың теңге сомасында;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдарының мөлшерін көбейтуді қамтамасыз етуге 10959,0 мың теңге сомасында;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге, біржолғы материалдық көмек көрсетуге 8625,0 мың теңге сомасында;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге, біржолғы материалдық көмекті төлегені үшін екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық сыйақыға 86,0 мың теңге сомасында;
агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін қамтамасыз етуге 5702,0 мың теңге сомасында;
моноқалаларда жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 2857,0 мың теңге сомасында;
моноқалаларда жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге 6000,0 мың теңге сомасында;
моноқалаларда ағымдық іс-шараларды іске асыруға 391834,0 мың теңге сомасында;
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге 125481,0 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 3–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. 2015 жылға арналған қала бюджетінде 70707,7 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі, оның ішінде:
патронаттық тәрбиешілерге еңбек ақы төлеу жөніндегі функциялары берілуге байланысты потронаттық тәрбиешілерге берілген баланы(балаларды) күтіп ұстауға, оның ағымдағы шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен 3602,0 мың теңге сомасында;
жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға, қорғаншыларға біржолғы қаражат төлемі 596,0 мың теңге сомасында;
электрондық оқыту бағдарламасы шеңберінде кеңжолақты интернетті төлеуге 15546,0 мың теңге сомасында;
аудандар және қалалар деңгейіне аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар мен жасөспірім спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша функцияларды беруге байланысты балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін ұстауға 33998,0 мың теңге сомасында;
Ұлы Отан Соғысы қатысушыларының және мүгедектерінің тұрмыстық қажеттіліктеріне әлеуметтік көмек мөлшерін 6-дан 10 айлық көрсеткішке дейін ұлғайтуға 571,0 мың теңге сомасында;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қысқы мезгілдегі автомобиль жолдарының маңызды бөлігіне 6500,0 мың теңге сомасында;
моноқалаларды ағымдық жайғастыруға 2014 жылдың секвестр қортындысы бойынша қайта енгізуге 9894,7 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 4–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2015 жылға арналған қала бюджетінде 50142,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен дамытуға нысаналы трансферттер көлемі қарастырылған, оның ішінде:
мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға 50142,0 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 6–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2015 жылға арналған қала бюджетінде 30380,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен бюджеттік несие көлемі қарастырылды, оның ішінде:
ауданның бюджеттік несие (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық бюджет есебінен алынған мамандарға әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру үшін 16380,2 мың теңге сомасында;
моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру үшін 14000,0 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. 2015 жылға арналған Арқалық қаласы бюджетінде 692,2 мың теңге сомасында нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылсын,оның ішінде:
республикалық бюджетке 422,0 мың теңге сомасында;
облыстық бюджетке 270,2 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ А. Мұхамбетжанова
«20» наурыз 2015 жыл
«Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Н. Гайдаренко
«20» наурыз 2015 жыл