Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 205 "О бюджете города Аркалыка на 2015-2017 годы"

Өзге акт · № 247 · қабылданған 28.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-205-2015-2017-ekb-90090/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 205 "О бюджете города Аркалыка на 2015-2017 годы" Қолданыста Өзге акт ·№ 247 ·28.05.2015
28.05.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 205 "О бюджете города Аркалыка на 2015-2017 годы"

Қолданыста Өзге акт ·№ 247 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 205 "О бюджете города Аркалыка на 2015-2017 годы"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 205 "Арқалық қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
247
Қабылданған күні
28.05.2015
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2015
Көрсетілген редакция
28.05.2015 90090_12654.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NC005637
ЭКБ идентификаторы
90090
Редакция идентификаторы
90090_12654
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:52

0 Мәслихаттың 2014 жылғы

24 желтоқсандағы №205 «Арқалық
қаласының 2015-2017 жылдарға арналған
бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №205 «Арқалық қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5289 тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда «Торғай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 –тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арқалық қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 3710236,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 1206611,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 17777,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 38725,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 2447123,7 мың тенге, оның ішінде субвенция көлемі – 1709083,0 мың теңге;
2) шығындар – 3710659,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 26652,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 50142,0 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – -77216,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 77216,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 2 –тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
« 2. 2015 жылға арналған қала бюджетінде 666735,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі, оның ішінде:
азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімдерінің штаттық кестесін қамтамасыз етуге 2170,0 мың теңге сомасында;
үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға 27976,0 мың теңге сомасында;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 71749,0 мың теңге сомасында;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 560,0 мың теңге сомасында;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 2419,0 мың теңге сомасында;
арнаулы әлеуметтік қызметтердің стандарттарын енгізуге 3217,0 мың теңге сомасында;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдарының мөлшерін көбейтуді қамтамасыз етуге 10959,0 мың теңге сомасында;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге, біржолғы материалдық көмек көрсетуге 8625,0 мың теңге сомасында;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге, біржолғы материалдық көмекті төлегені үшін екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық сыйақыға 86,0 мың теңге сомасында;
агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін қамтамасыз етуге 5702,0 мың теңге сомасында;
моноқалаларда жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 2857,0 мың теңге сомасында;
моноқалаларда жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге 6000,0 мың теңге сомасында;
моноқалаларда ағымдық іс-шараларды іске асыруға 391834,0 мың теңге сомасында;
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге 132581,0 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 3 –тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
« 3. 2015 жылға арналған қала бюджетінде 21163,7 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі, оның ішінде:
патронаттық тәрбиешілерге еңбек ақы төлеу жөніндегі функциялары берілуге байланысты потронаттық тәрбиешілерге берілген баланы(балаларды) күтіп ұстауға, оның ағымдағы шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен 3602,0 мың теңге сомасында;
жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға, қорғаншыларға біржолғы қаражат төлемі 596,0 мың теңге сомасында;
Ұлы Отан Соғысы қатысушыларының және мүгедектерінің тұрмыстық қажеттіліктеріне әлеуметтік көмек мөлшерін 6-дан 10 айлық көрсеткішке дейін ұлғайтуға 571,0 мың теңге сомасында;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қысқы мезгілдегі автомобиль жолдарының маңызды бөлігіне 6500,0 мың теңге сомасында;
моноқалаларды ағымдық жайғастыруға 2014 жылдың секвестр қортындысы бойынша қайта енгізуге 9894,7 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ А.Мұхамбетжанова
«28» _05_ 2015 жыл
«Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Н.Гайдаренко
«28»__05__2015 жыл

Қолданыстағы