О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 246 "О районном бюджете на 2015-2017 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 246 "О районном бюджете на 2015-2017 годы
- Атауы (қаз.)
- "Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 246 "2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 282
- Қабылданған күні
- 28.05.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2015 90226_13613.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NR005648
- ЭКБ идентификаторы
- 90226
- Редакция идентификаторы
- 90226_13613
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:51
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 246 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 246 «2015 – 2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5278 тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда «Маяк» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 198 116,0 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 1 573 373,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 3 840,0 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 6 400,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 1 614 503,0 мың теңге;
2) шығындар – 3 200 039,1 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 50 286,0 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 64 514,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 14 228,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -52 209,1мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 52 209,1мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 6-тармағының 3), 6) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 6-тармағы мына мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) 2015 – 2016 жылдардағы жылыту маусымды өткізуге дайындауға;»;
көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2015 жылға арналған аудандық бюджетте жылу-энергетикалық жүйені дамыту үшін облыстық бюджеттен нысаналы даму трансфертінің түсімі көзделгені ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1,2,5-қосымшалары осы шешімнің 1,2,3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Таран ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_________________ В. Ересько
«28» мамыр 2015 жыл