О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 252 "О районном бюджете Карасуского района на 2015-2017 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 252 "О районном бюджете Карасуского района на 2015-2017 годы"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 "Қарасу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2015 87969_10088.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NM005470
- ЭКБ идентификаторы
- 87969
- Редакция идентификаторы
- 87969_10088
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:56
0
Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 «Қарасу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 «Қарасу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5283 тіркелген, 2015 жылғы 14 қаңтарда «Қарасу өңірі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарасу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 2 616 415,0 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 749 294,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 2 381,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 7 955,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 1 856 785,0 мың теңге;
2) шығындар – 2 616 542,7 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 44 614,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 54 465,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 9 851,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0,0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 44 741,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 44 741,7 мың теңге.»;
3-тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге;»;
3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармағы мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) жергілікті атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен бөлімшелерін ұстауға;
10) азаматтық халық актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарасу ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндет атқарушысы
_________________ З. Жетпіспаева
20.03.2015 жыл