Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 252 "О районном бюджете Карасуского района на 2015-2017 годы"

Өзге акт · № 267 · қабылданған 20.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-252-2015-2017-ekb-87969/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 252 "О районном бюджете Карасуского района на 2015-2017 годы" Қолданыста Өзге акт ·№ 267 ·20.03.2015
20.03.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 252 "О районном бюджете Карасуского района на 2015-2017 годы"

Қолданыста Өзге акт ·№ 267 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 24 декабря 2014 года № 252 "О районном бюджете Карасуского района на 2015-2017 годы"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 "Қарасу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
267
Қабылданған күні
20.03.2015
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2015
Көрсетілген редакция
20.03.2015 87969_10088.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NM005470
ЭКБ идентификаторы
87969
Редакция идентификаторы
87969_10088
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:56

0

Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 «Қарасу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 «Қарасу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5283 тіркелген, 2015 жылғы 14 қаңтарда «Қарасу өңірі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарасу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 2 616 415,0 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 749 294,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 2 381,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 7 955,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 1 856 785,0 мың теңге;
2) шығындар – 2 616 542,7 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 44 614,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 54 465,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 9 851,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0,0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 44 741,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 44 741,7 мың теңге.»;
3-тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге;»;
3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармағы мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) жергілікті атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен бөлімшелерін ұстауға;
10) азаматтық халық актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Қарасу ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндет атқарушысы
_________________ З. Жетпіспаева
20.03.2015 жыл

Қолданыстағы