О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 24 ноября 2014 года № 28/196 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 24 ноября 2014 года № 28/196 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 28/196 «Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 57/470
- Қабылданған күні
- 24.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2020 150722_500529.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MC004403
- ЭКБ идентификаторы
- 150722
- Редакция идентификаторы
- 150722_500529
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:41
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 28/196 «Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау
туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 05-14-1725 ұсынысының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 28/196 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2561 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережесінде:
1 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«1 тарау. Жалпы ережелер»;
2 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2 тарау. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар»;
3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«3 тарау. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«6. Құрмет грамотасына ұсынылған әрбір адамға марапатталу бетшесі толтырылады. Марапаттау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын мәліметтер, сол саладағы және ұжымдағы жалпы еңбек өтілі, оның нақты сіңірген еңбектері, жұмысының сапасы және тиімділігі туралы мәліметтер, оның нәтижелері баяндалады.»;
4 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4 тарау. Құрмет грамотасының сипаттамасы»;
13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«13. Құрмет грамотасы – беткі жағында Елтаңба белгісімен және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті папка. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.».