О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 24 ноября 2014 года № 28/196 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 24 ноября 2014 года № 28/196 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 28/196 «Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/8
- Қабылданған күні
- 25.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2023 180479_627738.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23MC455312
- ЭКБ идентификаторы
- 180479
- Редакция идентификаторы
- 180479_627738
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:34
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы
№28/196 «Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау
туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы №28/196 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2561 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережесінде:
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Құрмет грамотасы аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен марапатталушының жұмыс істейтін еңбек ұжымында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етіледі.»;
13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Құрмет грамотасы – беткі жағында Елтаңба белгісімен және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті папка. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.».