О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 24 июля 2014 года № 30/6-V «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 24 июля 2014 года № 30/6-V «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»
- Атауы (қаз.)
- «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/6-V
- Қабылданған күні
- 18.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2018 107216_359873.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VA004715
- ЭКБ идентификаторы
- 107216
- Редакция идентификаторы
- 107216_359873
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:30
0 «Ауылдық елді мекендерде тұратын
және жұмыс істейтін мемлекеттік
ұйымдардың мамандарына отын сатып
алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы»
Өскемен қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 30/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3451 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда № 34 «Өскемен» және № 34 «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде берілсін.».