О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 24 декабря 2014 года № 36/8 «Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки сельских населённых пунктов Аршалынского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 24 декабря 2014 года № 36/8 «Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки сельских населённых пунктов Аршалынского района»
- Атауы (қаз.)
- Аршалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/8 «Аршалы ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 44/3
- Қабылданған күні
- 03.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2015 93588_22621.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BD004974
- ЭКБ идентификаторы
- 93588
- Редакция идентификаторы
- 93588_22621
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:50
0 Аршалы аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
24 желтоқсандағы № 36/8
«Аршалы ауданының ауылдық
елді мекендердегі бағалау
аймақтарының шекаралары және
жер учаскелері үшін төлемақының
базалық ставкаларына түзету
коэффициенттерін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы ауданық мәслихатының «Аршалы ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4619 тіркелген, 2015 жылдың 13 ақпанда аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2015 жылдың 13 ақпанда аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшадағы мемлекеттік тілде барлық мәтіндер бойынша «селосы», «селолық», «селосының» сөздері «ауылы», «ауылдық», «ауылының» сөздеріне өзгертілсін;
қосымшадағы орыс тілде барлық мәтіндер бойынша «аул», «аульный», «аула» сөздері «село», «сельский», «села» сөздеріне өзгертілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Аршалы ауданының әкімі Ж. Нұркенов
2015 жылғы 03 тамыз