О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 372 «Об утверждении перечня видов заработной платы и (или) иного дохода, из которых производится удержание алиментов на содержание несовершеннолетних детей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 372 «Об утверждении перечня видов заработной платы и (или) иного дохода, из которых производится удержание алиментов на содержание несовершеннолетних детей»
- Атауы (қаз.)
- «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 59
- Қабылданған күні
- 11.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2018 118094_287204.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016252
- ЭКБ идентификаторы
- 118094
- Редакция идентификаторы
- 118094_287204
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:07
0 «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10113 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 12 наурызда № 47 (28525) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мына:
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының
98-бабының 7) тармақшасында көзделген;
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127, 128, 129, 130, 131-баптарында көзделген төлемдерді қоспағанда, барлық өтемақы төлемдерінен;».
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтіқ құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;