О внесении дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года № 402 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Акима Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года № 402 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Акима Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 402 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 05.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 99862_82969.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003609
- ЭКБ идентификаторы
- 99862
- Редакция идентификаторы
- 99862_82969
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:37
0 «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№402 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №402 «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2971 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже» деген қосымшада:
«16. Функциялары» деген тармақ мынадай мазмұндағы 40-1) – 40-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«40-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
40-2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасының ендірілуін қамтамасыз ету;
40-3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
40-4) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
40-5) облыстардың «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
40-6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
40-7) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
40-8) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
40-9) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
40-10) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
40-11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыру;
40-12) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
40-13) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
40-14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
40-15) уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту;
40-16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсiн.
Д.Сатыбалды
Б. Жылқышиев
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
К.Мендебаев