Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 7-1/611 «Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок»

Бұйрық · № 326 · қабылданған 09.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2014-no-7-1611/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 7-1/611 «Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок» Қолданыста Бұйрық ·№ 326 ·09.11.2021
09.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 7-1/611 «Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 326 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 7-1/611 «Об утверждении Правил проведения апробации и регистрационных испытаний ветеринарных препаратов, кормовых добавок»
Атауы (қаз.)
«Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
326
Қабылданған күні
09.11.2021
Көрсетілген редакция
09.11.2021 160092_544394.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025101
ЭКБ идентификаторы
160092
Редакция идентификаторы
160092_544394
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:03

0 «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10287 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-20) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-20) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) жазылған.
5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ведомствоның кеңсесіне (бұдан әрі – кеңсе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеңсе жұмыскері қабылдау мен тіркеуді ол келіп түскен күні жүзеге асырады және ведомство басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Кеңсе жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде стандартта көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды және оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомство басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған уәжді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жауапты орындаушы өтінішті тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ 326 бұйрығына
1-қосымша
Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу сынақтарынан
өткізу қағидаларына
1-қосымша
«Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лi­гi Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­тетiнiң «Ве­те­ри­на­ри­яда­ғы ұлт­тық ре­фе­рент­тік ор­та­лық» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің (бұ­дан әрі – ве­дом­ство) кең­се­сі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған күн­нен ба­стап және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін алу сәтіне дей­ін –2 (екі) жы­л­ға дей­ін.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­ты, жем­шөп қо­с­па­ла­рын бай­қа­удан өт­кі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы хат­та­ма және/неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­ты, жем­шөп қо­с­па­ла­рын тір­кеу сы­нақ­та­ры­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы хат­та­ма не уәжді бас тар­ту.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Ақы­лы.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту құ­нын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 116-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на және «Ве­те­ри­на­рия ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 35-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да және үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­л­ген қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған: www.​gov.​kz
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лығ ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 24 қа­ра­ша­да­ғы № 7-1/611 бұй­ры­ғы­мен (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де 10287 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды, жем­шөп қо­с­па­ла­рын бай­қа­удан өт­кі­зу және тір­кеу қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды, сол бір ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тың жем­шөп қо­с­па­ла­рын, әр­түр­лі до­за­ла­ры, кон­цен­тра­ци­я­сы неме­се кө­ле­мі, бі­рақ бір дә­рі­лік ны­са­ны бар жем­шөп қо­с­па­ла­рын бай­қа­удан өт­кі­зу және тір­кеу сы­нақ­та­рын жүр­гі­зу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың, жем­шөп қо­с­па­ла­ры­ның бай­қа­удан өт­кізу­ге және тір­кеу сы­нақ­та­ры­на бе­рі­ле­тін ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың, жем­шөп қо­с­па­ла­ры­ның бар­лық кө­лем­де­рін, до­за­ла­рын неме­се кон­цен­тра­ци­я­ла­рын ті­зім­дей­тін бір өті­ніш ұсы­на­ды;
2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) өкіл­дің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін).
Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­тін ба­стау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ве­дом­ство мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің қыз­мет­кер­ле­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­ты және жем­шөп қо­с­па­ла­рын бай­қа­удан өт­кі­зу және тір­кеу сы­нақ­та­ры­нан өт­кі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы хат­та­ма­ны алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ры­л­ған.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға кү­ту және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды дай­ын­дау ке­зін­де жағ­дай­лар жа­са­ла­ды (кү­ту­ге ар­нал­ған крес­ло­лар, қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі мен олар­ды тол­ты­ру үл­гі­ле­рі бар стенд­тер­мен жа­рақ­тал­ған, құ­жат­тар­ды тол­ты­ру­ға ар­нал­ған орын­дар), өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры қа­был­да­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ғи­ма­рат­та­ры фи­зи­ка­лық мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар­дың кі­ру­іне ар­нал­ған пан­дуста­ры бар кі­ре­бері­спен жаб­дық­тал­ған.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да­ғы «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

2 Өтініш

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ 326 бұйрығына
2-қосымша
Ветеринариялық препараттарды,
жемшөп қоспаларын байқаудан
өткізу және тіркеу сынақтарынан
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өтініш
Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді/тіркеу сынақтарынан өткізуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының саудалық (айрықша) атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушы: _______________________________________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)
2. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы, телефоны, факсы, банктік деректемелері:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Ветеринариялық препарат, жемшөп қоспалары туралы мәліметтер:
1) құрамы: _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2) дәрілік нысаны:___________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
3) тағайындау:______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
5. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын әзірлеуші: ___________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
6. Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын өндіруші: ___________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)
7. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі: _______________________________________
_______________________________________________________________________________
(өкілдің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс деректері)
Өтінім берілді: 20___жылғы «____» ___________________________________________
_______________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушынның не оның өкілінің қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Өтініш сағат _____ қарауға қабылданды: 20___ жылғы «_____» ______
_______________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(үзу сызығы)
Өтініш сағат _____ қарауға қабылданды: 20___жылғы «______» ___
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы)

Қолданыстағы